RSS лента

Енді шоттан кез келген соманы шешіп алуға болмайды

  • 29.10.2020, 23:36,
  • 786
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстанда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалар үшін шоттан шешіліп, қолға берілетін ақша көлеміне шектеу енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасай отырып.

Бұл «банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мемлекеттік кірістер органдарына белгіленген лимиттен асатын қолма-қол ақшаны беруден бас тартуға негізделген мәліметтерді ұсынатын екінші деңгейлі банктер мен ұйымдардың міндеттемесінде қарастырылған».

 

Осылайша, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануды ескере отырып, келесі шешімдердің бірі қабылданады:

 

– төмен тәуекел дәрежесі үшін – қолма-қол ақшаны беруден бас тартуға негіз болмаған кезде;
– жоғары тәуекел дәрежесі бойынша – қолма-қол ақшаны беруден бас тартуға негіз болатындығы туралы.

 

Екінші деңгейдегі банктермен жұмыс жасағанда салық төлеушілер бұл ақпаратты ескеруі керек, деп атап өтті Мемлекеттік кірістер департаментіндегілер.

 

Бір ай ішінде кәсіпкерлік субъектілердің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасына келесі шекті сомалар бойынша белгіленді:

 

– 20 миллион теңге – шағын кәсіпкерлікке;
– 120 млн – орта бизнес үшін;
– 150 миллион – ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости