RSS лента

Халық салық төлеуге неге құлықсыз?

  • 21.07.2023, 16:48,
  • 440
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Елде заңсыз жолмен тапқан табысты жариялау туралы нормативтік-құқықтық актінің шыққанына біршама уақыт өткенмен, өз мүлкін жария етуге құлықтылар саны көп емес, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мұның артында салықтан жалтару мәселесі тұрғаны белгілі. Ал, жалпыға ортақ декларация өз табысын жасырғандар мен мемлекет мүлкін шетелге асырғандардың, көлеңкелі бизнестің алдын алып, ел қазынасына бірнеше миллиард теңге кіріс келтіруді мақсат тұтады.

 

Мемлекеттік кірістер саласының белді өкілі Нұрболат Сармановтың айтуынша, республика Салық Кодексіне енгізілген өзгеріс негізінде жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшу жоспарланған. Бірінші кезеңде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары тапсырды. Екінші саты – биылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайларына арналды. Ал, үшіншісінде 2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кəсіпкерлер мен олардың жұбайлары қамтылса, төртінші кезеңде 2025 жылдан бастап барлық азаматтар декларация тапсыруға міндетті.

 

– Активтер мен міндеттемелер жəне кірістер мен мүліктер туралы екі үлгідегі декларация бар, - дейді Нұрболат Əлібекұлы. – Бірінші үлгідегі нысанда көрсетілуі тиіс ақпараттар санатына жылжымайтын мүлік, жер телімдері, жер үлестерін, əуе жəне теңіз, ішкі суда жүзу кемелері, көлік құралдары, арнайы техника мен тіркемелер, айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы елден тыс аумақтағы шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақшасы, елден тыс жердегі мүліктер, бағалы қағаздар, басқа да объектілер кіреді. Ал, кірістер мен мүліктер туралы нысан жалпыға бірдей декларациялау жүйесі басталған уақыттан кейін жыл сайын ұсынылады. Мұнда мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті сатып алғаны немесе иеліктен шығарғаны туралы ақпараттар көрсетілуі тиіс. Бұдан басқа, жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлкі, инвестициялық алтын, тұрғын үйді сатып алуға қатысу үлесін сатып алуға жұмсаған шығындары туралы мəлімет көрсетілуі қажет. Иелігінде уақытша тұрған меншік мүліктері көрсетілмейді, - дейді

 

Декларация электронды түрде 15 қыркүйекке дейін тапсырылады. Ал, «қағаз нұсқада тапсырамын» деушілер үшін 15 шілдеге дейін уақыт белгіленген.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости