Қаулы бойынша, аталған сала қызметкерлерінің еңбекақы тарифиндегі мөлшерлемелер былайша өзгермек:
1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының педагогтері ставкалардың белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 мөлшерде.
2. Медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда, мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналдарының қызметкерлері ставкалардың белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 мөлшерде.
3. Медицина және фармацевтика қызметкерлері ставкалардың белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:
біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блогының негізгі персоналы):
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,63;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,73 мөлшерінде белгіленеді.
4. Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне:
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 мөлшерде.
Қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.