RSS лента

Зейнетақы қаншаға өседі?

  • 02.10.2021, 16:03,
  • 1 016
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бүгінгі зейнетақы жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Сонымен, елімізде ынтымақты және базалық зейнетақының көлемі қандай және биыл ол қанша пайызға өсті?

 

«Елімізде 2 млн 236 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Әрбір азаматтың қарттық шағын лайықты қамтамасыз етіп, қамқорлық жасау Үкіметтің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі. Бүгінде мемлекет зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдап жатыр. Мәселен, биыл 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақының мөлшері 7%-ға, базалық зейнетақының мөлшері 5%-ға өсті. Сондай-ақ, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы көлемі зейнеткердің еңбек өтіліне қарай сараланып белгіленеді» делінген хабарламада.

 

Еңбекминнің мәліметінше, қазіргі уақытта елімізде базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 18,5 мың теңге болса, ең жоғары мөлшер 39,3 мың теңгені құрайды. Ал биыл 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандықтар алатын орташа зейнетақы мөлшері 31,1 мың теңгені құрайды екен.

 

«2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ынтымақты зейнетақының орташа мөлшері 68,8 мың теңгені, ең жоғары мөлшері – 100,6 мың теңгені, ең төменгі мөлшері – 43,3 мың теңгені құрайды» делінген хабарламада.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости