RSS лента

Қазақстандық шенеуніктердің 950 млн теңгесі Сингапурда сақтаулы

  • 30.07.2021, 03:12,
  • 671
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Декларацияның бірінші кезеңін талдау мемлекеттік қызметшілердің ақшаны Сингапурда сақтайтынын, ал жылжымайтын мүлікті Ресейден сатып алғанды ұнататынын көрсетті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны 465 мыңнан астам жеке тұлға, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) тапсырды. Мемлекеттік кірістер комитетінде (МКК) хабарлағандай, декларацияны ұсынған 465 мың жеке тұлғаның 117-інде 29 елдің шетелдік банктерінде банктік шоттары бар.


Декларацияланған ақшаның ең көп сомасы келесі елдердің банктерінде: Сингапурда — 952,6 млн, Ресейде — 475,7, Лихтенштейнде — 426,6, АҚШ — 274,6, Германияда — 127,6, Швейцарияда — 121,8, Испания корольдігінде — 119,2, Канадада — 99,1, ҚХА — 54,2, Австралияда — 46,6 млн.теңге сақтаулы.

 

176 жеке тұлға шет мемлекеттің құзыретті органында тіркелген 221 жылжымайтын мүлік объектісін декларациялады. Жүргізілген мониторинг жылжымайтын мүліктің ең көп саны келесі елдерде тіркелгенін көрсетті: Ресейде — 181, Түркияда — 7, Болгарияда — 5, БАӘ — 4, Өзбекстан — 4, Украина — 4, Қырғызстан — 3, Испания — 3, Польша — 3, Әзербайжанда — 2.

 

Декларацияны тапсырған 465 мың жеке тұлғаның 333-і шет мемлекеттің құзыретті органында тіркелген 392 көлік құралын декларациялады.

 

Қазақстан аумағында тіркелген мүлікке қатысты МКК қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда уәкілетті органдарда тіркелген жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын көрсету бойынша талап жоқ екенін хабарлады.

 

Шенеуніктердің декларациялары ашық түрде жарияланады ма деген сұраққа МКК жариялануға жататын мәліметтер тізбесін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайтынын хабарлады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости