Кәсіпкер осы мейрамхананы салу үшін 2017 жылы екінші деңгейдегі банктен 60 млн теңге сомасына несие алды. Алайда, пайда болмағандықтан, ол мейрамхананы сол бағаға сатып, несиені төледі. Өз кезегінде, МКБ қызметкерлері сатылған құнның 10%-ы, яғни 6 млн теңге түрінде салық төлеу туралы хабарлама жолдады.
Алайда, салық заңнамасына сәйкес, жеке кәсіпкердің кірісі болмаған жағдайда, нөлдік көрсеткіші бар кірісті көрсете отырып, салық есептілігін ұсыну бойынша міндеттемелер ғана туындайды.
Өз кезегінде, облыстың Антикоры ұйымдастырған мемлекеттік кірістер департаменті мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездесу нәтижелері бойынша кәсіпкердің банктік шотынан шектеулерді алып тастау жөнінде оң шешім қабылданды.