RSS лента

Тоқаев Салық кодексіне енгізілетін түзетулерге қол қойды

  • 20.03.2023, 11:27,
  • 715
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/stevepb-282134

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне өзгертулер енгізді, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Мемлекет басшысы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына (Салық Кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының басында Сенат салық заңнамасына өзгерістер енгізді. Оған сәйкес, бөлшек салықты жұмыскерлерінің саны 200 адамнан аспайтын, ал табысы күнтізбелік жылда 2 миллиард теңгеден аспайтын кәсіпкерлер қолдана алады. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости