«Каспий құбыр консорциумы сияқты тарату жүйелері шикі мұнайды түрлі көздерге бөліп тарата алады. Яғни, Ресейден тыс өндірілген шикі мұнай жеке сатылып, тиелуі керек. 8 наурыздағы АҚШ-қа белгілі бір тауарларларды импорттауға салынған тыйым Ресей Федерациясында өндірілгендерге ғана қатысты. Яғни, Ресейден тыс өндірілген тауарлар тіпті транзит бойынша Ресей Федерациясының аумағы арқылы тасымалданған күннің өзінде немесе Ресейден тасымалданған күннің өзінде бұл тыйымға кірмейді», — деп жазылған АҚШ Қаржы министрлігінің сәрсенбідегі мәлімдемесінде.
Сонымен қатар Қазақстанның мұнай экспортындағы негізгі инвестордың бірі «Шеврон» компаниясының бас атқарушы директоры Майкл Уирт те Каспий мұнай құбыры арқылы тасмалданатын мұнай импорты туралы пікір білдірді.
«Бізге ешбір елдің үкіметінен Каспий құбыр консорциумының жұмысы үзілуі мүмкін екені туралы нұқсау келіп түскен жоқ. Бізде Каспий құбырынан басқа Ресей немемес Украинамен еш байланысымыз жоқ», — деген Майкл Уирт.
Еске салсақ, АҚШ Президент әкімшілігі ресейлік энергия тасымалдаушылардың импортына тыйым салған болатын. Ол тыйым Ресей мұнайы мен газы, көмірі кірді. Айта кетсек, Каспий құбыр желісі консорциумы арқылы Қазақстан мұнайының 79 пайызы экспортталады.