27 шілдеде Атырау облысы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасындағы «Құрманғазы» бекеті арқылы 216 адам өткен.
«Мемлекеттік шекарадан өткендердің арасында 32 жолаушы мен халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын 184 жүргізуші бар. Анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының 6 азаматынан алынған коронавирус инфекциясына қарсы ПТР тест зерттеуі теріс нәтиже көрсетті. Ал, былтырғы 6 қазаннан бері Атырау облысына 56 996 адам, оның ішінде 8 577 жаяу жүргінші, 48 419 жүргізуші келген. Облыс аумағына кіруге анықтамасыз келген 355 шетел азаматына тыйым салынды. Сондай-ақ, Қазақстанның 4 757 азаматына ПТР-тестілеу жүргізілді. Оның ішінде 54 азаматтан (49 жүргізуші, 5 жолаушы) COVID-19-дың белгісі табылды» делінген облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз мәлімдемесінде.