Себебі экспорттың негізгі бөлігі тасымалданатын Каспий құбыр консорциумы Ресей арқылы өтеді. Осы жағдайдың аясында LS сайты Қазақстандағы қара алтынды негізгі сатып алушылар қай елдер екенін инфографикада талдады.
2021 жылы Қазақстан 65,7 млн тонна шикі мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 6,9%-ға аз. Ақшалай есептегенде бұл 31,2% өсіммен 31,1 млрд долларды құрайды.
Негізгі шетелдік тұтынушы Италия – 17,9 млн. Одан кейін Нидерланды, Франция, Қытай, Түркия, Испания, Оңтүстік Корея, Румыния, Үндістан және т.б.
ТОП-12 елдің ішінде ең үлкен өсім Сингапурда тіркелді — 11 есе. Бұл ретте Швейцария (-48%), Грекия (-35%) және Үндістан (-33,5%) қазақстандық мұнайды сатып алу көлемін айтарлықтай қысқартты.