Теңіз жануарлары табылған жер мен Ақтау арасындағы қашықтық төрт жүз шақырымға жуық. Бірақ бұл мамандарға кедергі емес көрінеді. Каспий итбалықтарын сауықтыру орталығы бір итбалықты құтқару үшін 400 мың-нан 2 млн теңгеге дейін қаражат жұмсайды. Тіпті оларды оңалту кейде үш айға дейін созылуы мүмкін.
Итбалықтар бастапқыда адамды қасына жақындатпайды. Бірақ бұл қалыпты процесс. Бұған дейінгі итбалықты екі ай бойы емдегенбіз. Адамға бауыр басқаны соншалық, табиғи ортасына жіберу қиын болды, — дейді Каспий итбалықтарын оңалту орталығының директоры Әділхан Тобасаров
Балық қорғау инспекциясы қызметкерлерінің айтуынша ауға түсіп қалған итбалықтар көбіне тірі болмайды. Рейдтер де ойдағыдай нәтижемен аяқтала бермейді дейді мамандар. материалдық- техникалық база да жаңартуды қажет етеді. Каспий теңізінде ғана кездесетін бұл итбалықтардың азаюына браконьерлерден бөлек, теңіздің тартылуы да әсер етіп отыр. 20 ғасырдың басынан бері итбалықтардың саны он есеге , яғни бір миллионнан жүз мыңға дейін азайған.