Бассейндік балық шаруашылығы қызметкерлерінің айтуынша екі күн бұрын бұл айналаның барлығын қара жер болатын. Соңғы екі күнде батыстан соққан желдің әсерінен теңіздің тамағына су келіп, ажары кірген. Дегенмен желдің екпіні Жайық пен Каспий бойындағы кейбір тартылып қалған тұстарды толтыруға қауқарсыз. Каспий теңізінің бойында аралды еске түсіретін мынадай көріністер көптеп кездеседі.
Бұл мәселелер Кеңес үкіметінің кезінде келесідей жағдаймен шешіліп тұрды. Біріншіден, біздің Атырауда ММС дейтін кәсіпорын болды. Бұл мемлекеттің тарапынан каржыландырылған мекеме. БҚИ тапсырмасы бойынша олар әрбір жыраныың аузын земснарядтпен қазып тұрды. Басқа ешқандай аппарат пайдаланылған жоқ. Тек қана зем снаряд. Ол өзектердің тереңдігін төрт метрге дейін қазатын болды»,-дейді «Қазақ балық шаруашылығы» балықшылар қауымдастығы» Атырау филиалының басшысы Санат Тілепбергенов.
1996 жылы Қазақстан мен Ресей арасында су ресурсына қатысты келісім жасалып, сол бойынша ресейліктер Жайыққа екі миллиард сегіз жүз миллион текше метр су жіберу керек еді. Дегенмен уәде құмға сіңген судай дейді балықшылар. Казгидрометтің берген мәліметі бойынша қазіргі кезде Жайық өзеніндегі су деңгейі 190 см шамасында. Жайықтың экологиялық ахуалын талқылап қыркүйек айының соңында ҚР президенті Қасым Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин онлайн форум өткізді. Бұл бойынша нақты жасалған жұмыстар туралы келесі айда біле аламыз дейді Жайық-Каспий бассейндік шаруашылығының басшысы Ғалидолла Азидуллин.
Бұл бойынша қазіргі министрлік тарапынан Ресей федерациясымен келісіп жол картасы жасақталды. Жол картасы бойынша сарапшылар өз деңгейінде жұмыстар атқарып жатыр. Енді қазіргі панденмияның кесірінен әр сарапшылар өз елінде елінде жұмыстар атқарып жатыр. Осы жылдың аяғына қарай, қазан айының аяғында осы сарапшылардың кездесуі болып. Нақты атқарылған жұмыстар бойынша мәлімет белгілі болады,- дейді ол.
Жайықтағы су деңгейінің азаюы әрине ауыз су тапшылығын тудырады. Өйткені, ауыл-аймақтарға тартылған су құбырларының бойымен Каспийдің, Жайықтың суы ағып жатыр. Алынған су тұшыту зауыттарынан өтеді. Ал тұрғындар өзен-теңізден су ала берсек қазіргі экоахуал бұдан да нашарлап кетпей ме деп алаңдап отыр. Олардың бұл қаупін мәжіліс депутаты Парламент отырысында көтеріп, шешімі туралы айтты.
Жалпы Каспийдің су көлемі 78 000 км куб. Біз жылына бар болғаны он мыңнан бір Каспий теңізінің суын пайдаланамыз. Ол тұщыту зауыты мембрандық технологияны қолданатын болса, алынған судың 40-50 пайызын біз кері қайтаруымыз керек Каспийге. Сондықтан біз бірнеше зауыт салып Каспий теңізінен су алатын болсақ ол Каспийдің деңгейін немесе оның көлемін түсіріп кете алмайдығ — дейді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин.
Экологтар болса өңірдегі экожағдайды халықаралық дәрежедегі ғалымдардың зерттегенін жөн көреді. Өйткені, Германия мен Голландия ғалымдарының 50 жыл ішінде Каспийдің үштен бірі тартылуы мүмкін деген болжамы қазір шындыққа айналды.
Бұл мәселе зерттеусіз шешімін таппайтыны анық. Әлемдік ғалымдар көп нәрсе біледі. Үлкен көлемдегі су деңгейінің тартылуын қайтадан қалыпқа келтіру үшін көп уақыт керек. Десе де теңіз деңгейі бірде толып, бірде азайып отыр. Соның әсерінен экология да зардап шегуде, — деп ойымен бөлісті тәжірибелі экологтар қауымдастығының өкілі Гүлмира Ниетқали.
Су деңгейі көтерілгеннің өзінде Жайық Каспийді тек он бес пайызға толтыра алады. Ал қалған 85 пайызы Еділ және өзге де өзендерден құйылады. Ғалымдардың айтуынша Жайық пен Каспийдің тартылуы 2023 жылға дейін жалғасады. Дегенмен, кешенді іс шаралар қолға алынса өзен, теңіздегі су деңгейі қалпына келеді деген үміт бар.