RSS лента

Каспийде итбалықтар қырылып жатыр...

Автор фото: әлеуметтік желі

Ресейлік РБК телеарнасының хабарлауынша, ғалымдар екі күн ішінде Дағыстанда Каспий теңізінің жағасынан 150-ден астам өлі итбалық тапқан, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

«Каспий табиғатты қорғау орталығының» бас директоры Заур Гапизовтың айтуынша, ғалымдар Дағыстан жағалауының барлық жерінен өлі итбалықтар тапқан. Өлекселерді Зеленомор, Манас аудандары мен Новокаякен және Сулак ауылына тасталады.

 

«Теңіз сүтқоректілері»ғылыми-экспедициялық орталығынан келген мамандар бізбен бірге жағдайды бақылап отырады. Олар өлімнің себебін анықтау үшін жануарлардан ДНҚ сынамаларын алуда» дейді жергілікті ғалымдар.

 

Каспий табиғатты қорғау орталығы өкілдерінің айтуынша, жануарлар балықшылардың торына түсіп қалған.

 

«Олар сөзсіз теңізде өлген, содан кейін ғана оларды жағаға тастаған. Кейбір итбалықтарда тордың іздері көрінеді, ал кейбіреулерінің терісін толығымен сылып алған. Одан кейін бас киімдер, тондар жасай алады» деп атап өтті Заур Гапизов.

 

«Бұл Каспий теңізінде өмір сүретін жалғыз теңіз сүтқоректісі. Көптеген итбалықтың өлімі — бұл экологиялық төтенше жағдай. Итбалықтар санының жыл бойы мониторингін ұйымдастырып, оған тек Ресейді ғана емес, Әзербайжанды, Қазақстанды, Түркіменстанды, Иранды да тарту қажет» деп атап өтті ғалым.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости