Жануар судан шығып қалғасын оттегі жетіспеушілігінен өліп кетуі мүмкін еді.
Шекарашылар итбалық өте белсенді болғандықтан, жарақаттары байқалмағандықтан ашық теңізге бірден жіберуді ұйғарған.
Сондай-ақ, Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметкерлері Қызыл кітапқа енгізілген 200-ден астам бекіре тұқымдас балықты аулаған 30 браконьерлік торды тапты. Ұсталған балықтар бірден теңізге қайтарылды.
Бұған дейін қазақстандық шекарашылар бекіре тұқымдас балықтарды браконьерлік тордан құтқарған сәтін видеоға түсірген. Итбалықтар браконьерлердің торына жиі түсетінін айтты. Торға түскен жануарлар жиі жараланады.