RSS лента

Бай болудың жеңіл жолы бар...

  • 15.10.2022, 05:15,
  • 760
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Инвестицияны ұршықша иірген отандық инвестор қаржылық сауаттылықтың қалай қалыптасатынын айтып берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

БІЗГЕ «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» ДЕГЕН ҰҒЫМ ҚАШАН КЕЛДІ? ҚАРЖЫ АЛАЯҚТАРЫНЫҢ АЙЛАКЕРЛІК СЫЗБАСЫН КІМДЕР ЖАСАЙДЫ? ҚАЗАҚСТАН МЕН АҚШ-ТЫҢ ҚОР БИРЖАСЫНДА ҚАНДАЙ АЙЫРМАШЫЛЫҚ БАР? «ҮШІНШІ АҚША» ДЕГЕН НЕ? ОСЫ САУАЛДАРДЫҢ ЖАУАБЫН 15 ЖЫЛ БОЙЫ ҚОР НАРЫҒЫНЫҢ ЖІЛІГІН ШАҒЫП, МАЙЫН ІШКЕН АТЫРАУЛЫҚ ИНВЕСТОР ЕРІК ШЫНЫБЕКОВТЕН БІЛДІК.

 

Ке ң е с о д а ғ ы кезінде қаржылық сауаттылық деген болмады. Себебі, үйі де, жұмысы да үкіметтен берілетін халыққа қосымша табыс пен артық ақша ұғымы жат еді. Дамыған елдерде өткен ғасырда бұл туралы түрлі кітаптар жазылып, оны тəжірибе жүзінде іске асырып, тіпті мектеп жасынан бастап үйретуді қолға алды. Ал, біздегі жағдай қандай?

 

– Б і з д і ң е л д е адамдардың жеке өмірі, қ а р ж ы л ы қ ж а ғ д а й ы , денсаулығы, руханияты, мейлі қай жағынан алсаң да белгілі бір бағыт-бағдар, мақсаты жоқ. Қазір кезкелген адамнан «бес жылға мақсатың қандай?» десең, жауап бере алмайды. Бір жылға, бір айға, тіпті ертеңгі күніне жоспары жоқ. Мен мұны неге айтып отырмын? Көпшілігі қаржы сауатында қоятын мақсаты жоқ болғандықтан өз ақшасына есеп-қисап жасамайды. Олар оған үнемдеу, ештеңеге жоймау, сараң болу деген пиғыл, көзқараспен қарайды. Бұл олай емес. Өз бюджетіңді жоспарлау, ақшаның қайдан келіп-кетіп жатқанына көз жүгіртіп отыру сараңдыққа жатпайды, - деді кейіпкеріміз Ерік Шыныбеков.

 

Қаржылық сауаттылық – ақшаны табу мен жинау, сақтау жəне оны көбейте білу. Бізде мəселе осы бірінші кезеңнен басталады. Адамдар тез баю, ақша табу мақсатында қаржы алаяқтарына, неше түрлі пирамидаға миллиондаған ақшасын салып, алданып қалады немесе еңбекпен тапқан ақшасын жинай алмайды. Жоғарыда айтылғандай, біздің елде де дамыған елдердің тəжірибесіне сүйене отырып, балаларды ақша санап, оны жарата білген жастан бастап қаржылық сауаттылыққа үйрету қажет. – Иə, мектептерде 10- 11 сыныптарға кəсіпкерлік жəне бизнес негіздері пəні факультативтік сабақ ретінде өтеді. Бірақ, бір мəселе – бұл пəннен кім сабақ береді? Мұны университетте ешкім оқыған жоқ. Математика мұғалімі цифрларды жақсы білгенімен, кəсіпкер болмаған. Ал, жұмысы дөңгеленген кəсіпкерлер бұл жұмысқа келмейді. Жоғары оқу орнын бітірген мұғалім кітабын, курсын оқып, сабақ бере алады. Бірақ, бұл «құрғақ» болады. Ол бизнеспен айналыспағаннан, о н ы ң і ш к і с ы р ы н - қ ы р ы н білмегеннен кейін балаларға қалай сабақ береді? Қазір көп адамның несиесі бар, ол өзі де қаржылық сауаттылықтың жоқтығынан зардап шегіп жүрген мұғалім болуы мүмкін. Сондықтан мен бұл сабақтарды үлкен аудиторияға лекция түрінде ұйымдастырып, кəсіпкерлерді, қаржылық сауаттылықты жақсы білетін жандарды тарту керек деп есептеймін, - деді ол. Ерік Шыныбеков бүгінде өзі білім алған Атыраудағы қазіргі Білім-Инновация лицейінің жоғары сынып оқушыларына ерікті түрде осы пəннен сабақ береді.

 

 

«Sanki yedem»

 

Жалпы бала ақша қолына тие бастағаннан кейін, мұның қайдан, қандай еңбекпен келіп жатқанын білуі керек. Үй иесі отбасының айлық қаржылық есебін қағазға жазып, қабырғаға іліп қойса, бала ата-анасынан үлгі алады. «Ең жақсы тəрбие – өзіңнен басталған тəрбие» деп тегін айтылмаған. Балаға күнделікті қалта шығындарын берген кезде: «мен саған бір аптаға 3000 теңге беремін. Сенде екі таңдау бар. Мұның бəрін қалағаныңша жұмсайсың немесе қатты қарының ашпаса, алдым деп есептеп, бұл ақшаны жинай аласың. Бір айда 12 мың, алты айда 72 мың теңге болады. Оған мынадай қажетті дүниеңді ала аласың» деп түсіндіріп айтуға болады. Егер бала алдына мақсат қойып, соған жетуге ұмтылса, ол ақшаны жинауды үйренеді. Мұндайда «Баладан аяп, баланың аузынан жырып, 3000 мың теңгеден не үнем болады?» дейтіндер де табылады. Бұл жерде мəселе цифрда немесе ақшада емес. Мақсатты пайдалана алмайтын бала 30 мың берсең де жойып қояды. Тіпті 300 мың теңге жалақысының есебін білмейтін үлкендер де бар. Бұл жерде əдіс – баланың бойына ақшаны жинау дағдысын қалыптастыру. Ертең осы 3000 теңгеден ақша құрай алған бала, 3 миллион, 30 миллион теңгемен де бизнес жасай алады. Қазір көп адам: «Менің табысым аз, ақша жинай алмаймын» дейді. Алайда, күнделікті шығынын үнемдеп мешіт салған жан барын көпшіліктің бірі білсе, бірі біле бермейді. XVIII ғасырда Стамбулдың Фатих ауданында тұратын Кечеджи Хайреддин Эфенди өзі дүниеден өткеннен кейін де, халқы есіне алып отыратындай қайырымдылық жасап, мешіт салғысы келеді. Аса байлығы болмаған соң, күнделікті тəтті жеміс пен тоқаш алатын ақшасын арнайы қорапшаға салып тұрып: «Мен жегендей болдым» деп айтады екен. Осылайша, 20 жыл бойына жиған ақшасына 1750 жылы Стамбул қаласының Кырбачы көшесінен 200 адам сыятын, 100 шаршы метрлік шағын мешітті тұрғызады. Түркияда бұл мешіттің аты «Sanki yedem» деп аталады. Қазақша «Мен жегендей болдым» деп аударылады. Міне, 20 жыл бойына жан қалауын тыйып мешіт тұрғызған азаматтың іс-əрекеті қаржылық сауаттылық тұрғысынан көп адамға үлгі болары анық. Мұндай үлкен іске бел бумақ түгілі, кезкелген техниканы, киімді, тіпті тамақты несиеге алушылар көбейіп кетті.

 

Кім инвестор бола алады?

 

Не с и е ж а б ы л ы п , қаржылық қор алты айдың шығынына парапар болса, жинақ жинауды тоқтатуға жəне ақшаңызды к ө б е й т у м а қ с а т ы н д а инвестиция жасауға болады. И н в е с т о р Е р і к Ш ы н ы б е к о в С т а м б у л техникалық университетінің мұнай-газ жəне инженерия мамандығын тəмамдағаннан кейін, шетелде жұмыс жасап жүріп, америкалық əріптестері арқылы АҚШт ы ң қ о р б и р ж а с ы м е н танысады. Осыдан 15 жыл бұрын ютубта, ғаламторда бұл туралы бірде-бір ақпарат жоқ еді. Көп қазақ біле бермейтін салада жиырмадан жаңа асқан жігіт бірде ұтып, бірде ұтылып, бүгінгі белесіне өзіндік соқпақ жолымен жетеді. Қазіргі жастарға бұл іске кірмес бұрын бірінші жиғантергенін білімге жұмсауға, яғни өзіне инвестиция жасауға кеңес береді. Себебі, қор нарығына кіру – жай ғана есепшот ашып, ақшаны салу-алу емес. Үлкен білімді қажет ететін табыс көзі. Көп ақша табудың артында үлкен тəуекелдің де тұрғанын ұмытпаған дұрыс.

 

– Инвестиция – белгілі бір компанияға қаржылай үлесіңді салып, оның дамуына, көбірек ақша табуына септігіңді тигізу. Сəйкесінше, табыс көру. Оның түр-түрі бар. Қалаңыздағы, ж а л п ы е л д е г і к і ш і ж ə н е орта кəсіпкерлердің кəсібіне н е м е с е қ о р б и р ж а с ы н а ақша салуға болады. Біздің елде алғашқы қор биржасы КASЕ 1993 жылы Алматыда, екіншісі Astana International Exchange (AIX) 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. Салыстырмалы түрде алсақ, 3 ғасырлық тарихы бар АҚШтың қор биржасында күніне 3 трлн. доллар айналатын болса, бұл көрсеткіш Қазақстан қор биржасында 250-300 мың долларды құрайды. Сондықтан бізде өтімділік өте аз, яғни акцияңды тез сата алмайсың. Кейде алушылар болмай тұрып қалуы да мүмкін. Сондай-ақ, АҚШ-тың қор биржасындағы компаниядан акция алсаң, минут сайын компанияның іс-əрекеттері, өндірістің жетістіктері туралы хабарлама түсіп тұрады. Ал, қазақстандық қор биржасы ақпаратқа сараң. Акция не үшін көтерілді немесе неге құлап кетті, талдау жасау, күнделікті қимыл-əрекеттерін білу қиын, - деді тəжірибелі инвестор.

 

Ə р и н е к ө п т е г е н а д а м қазақстандық қор биржасына кіріп, пайда тауып жатыр. Оны жоққа шығаруға болмайды. Алайда, кейбіреулер қолдағы бар ақшасына пəтер сатып алады. Оның құны теңгеге шаққанда шарықтағанымен, доллармен есептегенде өсіп жатқан жоқ. «Елде үйдің, көліктің бағасы қымбаттап кетті» дейді. Шын мəнінде жылжымайтын мүліктің құны емес, девальвация өсіп жатыр. Көк қағазбен есептегенде ұтылып жатқанымызды анық аңғаруға болады. Тіпті пəтерді жалдап қойған күннің өзінде табысы өте аз.

 

– Егер күнделікті тұрақты табысы бар қарапайым адам бұрын-соңды қор биржасымен айналыспаса, жеткілікті білімі болмаса, бірақ инвестиция жасағысы келсе, ақшасын инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға салуға болады. Қазақстанда мұндай 20 компания бар. Мен білетін танымал төртеуі: «Halyk Finance» АҚ, «Jusan Invest» А Қ , « Б а н к Ц е н т р К р е д и т » АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ. Олар сіздің ақшаңызды алады да, инвестициялық ортақ қорға, дүниежүзінің а к ц и я с ы н а с а л ы п , с і з д і ң ақшаңызды көбейтеді жəне өз еңбектеріне комиссия алады. Пассивті табыс үшін бұл өте тиімді нұсқа. Мамандары өте тəжірибелі болғандықтан қаржымның белгілі бір бөлігін инвестицияның осы түріне салып отырамын, - деді ол.

 

Несие – несібенің жауы

 

Қаржылық сауаттылықта ең бірінші отбасының бір жылға жеке бюджеті жасалып, кіріс-шығыстан артылған ақшадан қаржылық қор жинағаны дұрыс. Қорыңыз болған күнде аяқ астынан үйіңізде той болса, үй немесе көлігіңізге жөндеу керек болса, яғни жоспарсыз шығындар үшін несие алып, қарызға батпайсыз. Егер кіріс-шығысыңыз тең болса, бұл ойланарлық жайт. Мұндайда ең бірінші шығындарға талдау жасап, жалдамалы үйіңіз қымбат па, арзанын табуға, несиелеріңіз көп пе, оны тиімді жабуға ұмтылу қажет. Адамдар несие алғанда банк қызметкері берген келісім-шартты оқымайды. Сауаттылық немесе сауатсыздық осы жерден басталады. Нақты қажеттілік бар ма, жоқ па, оны да ажырата алмайды. Мысалы, жалақысы 200 мың теңге, бірақ 600-700 мың теңгенің теледидар не смартфонын несиеге алады. «Балаларым үшін бəрін жасаймын» деген жалған пафосқа беріледі. Оның орнына отағасы: «Балалар қазір менде 200 мың теңге бар. Біз теледидардың қазір кішірегін немесе алдағы алты айда ақша жинап үлкенін алайық. Сендер артық шығындарды тоқтатып, маған ақша жинауға көмек беріңдер» деп тиімді ұсыныс жасап, ұйымшылдықпен бірігіп əрекет етсе, бұл отбасы кезкелген қамалды алады. Егер несиені алып қойған болсаңыз, келісім-шартты мұқият оқып, ай сайынғы ақшаны көбірек төлеп, мерзімін қысқартуға немесе төлемді азайтып, уақытын ұзартуға болады. Ерік мырза оқырмандарға несиені жабудың «Қар кесегі» деп аталатын тəсілін ұсынады. Таудың басынан қардың кішкене домалағын лақтырсаңыз, жерге түскенше үлкейіп-үлкейіп барады ғой. Сол сияқты несиені ең аз төлемнен бастап жабуға ұмтылыңыз. Мысалы, сізде 100 мың, 80 мың, 40 мың теңгеден төлейтін үш несие бар. Бірінші мақсат 40 мыңдық төлемге, қайдан жырсаңызда 20 мың теңге тауып қосып, 60 мың теңге төлеп, белгіленген уақыттан тезірек жабу үшін банкпен келісім жасайсыз. Осылайша, бұл несиеден құтылғаннан кейін, 80 мыңдық несиеңізді де 40 мыңдық несиемнен құтылмадым деп есептейсіз де, ай сайын 120 мың теңге төлеп, екінші несиеңізді жабасыз. Үшіншісін де тура осы əдіспен жауып, кейін несиеге жоламағаныңыз дұрыс.

 

Сақтық үшін де білім керек

 

Қазір əлеуметтік желіде өздерін табысты компания өкілі ретінде көрсетіп, акция сатып алуға, тіпті бүгін салған ақшаңызды, кешке дейін өсіріп беруге уəде беретін жалған жарнамалар мен ақпараттар, аккаунттар да, оған алданып қаражатынан айырылған жандар да өте көп. Кейбірі «Мəскеуде, Лонданда тіркелгенбіз» деп, сенімге кіріп, сан соқтырып жүр. Қаржыгерлер Ұлттық банктен лицензия алмаған компанияға мүлдем сенуге болмайтынын ескертеді. Ал, лицензиясының бар-жоғын ешқайда бармай-ақ, Қаржы нарығын реттеу жəне дамыту агенттігінің ресми сайты – fi nreg.kz-тен білуге болады.

 

– Маған əртүрлі алаяқтар телефон соғады. Ақшаңызды айына 10 пайызға өсіріп беремін дейді. Бірінші күмəн – лицензиясы бар ма, екіншісі – ай сайын өте көп пайыз беру. Мысалы, айына 10% берсе, жылдық мөлшерлемесі 120%-ды құрайды. Жылына осыншалықты өсетін бизнес жоқ. Болған күннің өзінде олар сіздің 5-10 мың теңгеңізге зəру емес. Дүниежүзінің ең атақты миллиондаған доллары бар инвесторы Уоррен Баффет ең шауып шыққанда жылына 20-25% табыс табады. Мұндай оңай табыс болса сол кісі салар еді ғой. Мұндай лохотроннан сақтану керек. Қазіргі заманда алаяқтықтың дамығаны соншалық, шын-өтірігін айыру өте қиын. Кейде тіпті ойланып қаласың. Зерттесең алаяқтардың құрған сызбасы болып шығады. Оны құратын адамдардың өзі өте білімді қаржыгерлер, докторлық деңгейі бар ғалымдар, бірақ өкінішке қарай арам пиғылды адамдар, - деді Ерік Шыныбеков.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости