RSS лента

Жайықтың жыры "жоғарыға" жетпей жатыр...

  • 18.03.2021, 10:12,
  • 838
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Соңғы жылдары облыс тұрғындары ауыз судан мұқтаждық көріп отыр. Шаруашылық түгілі, ішер суға зар болған ауылдағы жұртты айтпағанда, Атырау қаласын қақ жара ағып жатқан Жайықтың да жағдайы көз қуантар емес. Бұл мәселе бүгінде Парламентке де жетті. Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі Асқар Маминның өзі елдегі ахуалмен таныс, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Сенат депутаты Ғұмар Дүйсембаев Атыраудағы осы проблеманы бүге- шігесіне дейін зерттеп, Үкімет басшы­сына депутаттық сауал жолдады.

 

Мұнайлы өңірде тұщы су көзі тап­шы болғандықтан, жергілікті халық өзен суын пайдалануға мәжбүр. Қазір трансшекаралық өзендерді бірігіп пайдалануда кедергілер туындап тұр. Ресей жерінен басталып, Батыс Қазақстан облысының бірнеше ауда­нын, Атырау облысындағы екі аудан және қала іргесіндегі елді мекендерді тіршілік көзімен қамтып отырған Жайықтың жай-күйі де алаңдатады. Оның үстіне Орынбор қаласы тұсында Ресей өкіметі өзенге бөгет салуды жоспарлап отыр.

 

Сондай-ақ Ақтөбе өңірінен басталатын Ойыл, Сағыз және Жем өзендерінің Атырау облысы аумағында су ағынының мүлде болмауынан жерасты су көзі азайып, жергілікті ауыл шаруашылығы нысандарының дамуын кешеуілдетіп отыр. Экология мен экономикаға елеулі әсер етіп отырған өзендер мәселесі ауқымды жұмыс жүргізуді қажет етеді.

 

Сенатор Ақтөбедегі «Көкжиде» жерасты су қорын шекаралас жатқан екі облыстың халқын таза ауыз су­мен қамтамасыз ету үшін қолдануды сұрайды. Сосын Жылыой ауданындағы Бәли және Жаңасу кен орындарындағы тұщы суды тиімді пайдалану мәселесі де күн тәртібінде тұр.

 

Бүгінде облыстағы жеті ауданның үшеуінде жаз айларында су тек бірер сағатқа беріледі. Суға зәру аудан тұрғындарының наразылық туғызуы да заңдылық болатын. Енді осы үш аудан­ды ауыз сумен қамтамасыз етудің басты жолының бірі – «Астрахан-Маңғышлақ» магистральдық су құбыры. Алайда, су құбырының пайдалану мерзімі мен тұтынушыларының ұлғаюына бай­ланысты қайта жаңғыртып, кеңейтуге 376,6 млрд. теңге қажет. Әрине, аз қаржы емес. Егер бұған несие алған күнде пайданың негізгі көзі – тарифтік түсім болғандықтан, халықтың қалтасына түсері анық. Яғни, тарифті өсіруге тура келеді.

 

Сонымен қатар, сенатор су пробле­масын шешудің бір жолы – мол тұщы су көзі бар Қызылқоға ауданындағы Тайсойған әскери сынақ алаңының бір бөлігін полигон иелігінен шығару жөнінде Ресей Федерациясымен келіссөз жүргізу қажет деп есептейді.

 

Ғұмар Исламұлы Үкімет басшы­сына бұл мәселелерді кешенді шешу үшін тиісті құзырлы органдардың бірігіп қызметат қаруын және қалыптасқан жағдайды ескере оты­рып, Атырау облысы бойынша шаруашылық, сондай-ақ ауыз сумен қамту бағытында жеке бағдарлама қабылдауды ұсынды.

 

Бұқарадан билікке жеткен бұл мәселе жөнінде жыл басталғалы Асқар Маминге екі рет жолданды. Не адамы, не малы тұщы суды қанып ішпеген ауылдағы ағайынның үміті де осы хатта. «Айшылық алыс жерлерден, сағатта хабар алғызатын» дамыған заманда су беретін сәтті сарылып күтуді сипаттаудың өзі ауыр. Бірақ, сол ауыр күндерді үш бірдей ауданның жұрты бастан кешіп отырғаны ақиқат.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости