RSS лента

"Өзіміз өзгермей, өзгесі өзгермейді..."

  • 26.04.2022, 04:04,
  • 806
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты Өмірзақ Қажымғалиев ел өзгермей мемлекет өзгермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

"ЖАС ҰЛҒАЙҒАН САЙЫН ӨЗ-ӨЗІҢМЕН ОҢАША ҚАЛЫП, ОЙ МҰХИТЫНА ШОМУ ДА ЖАРАТЫЛЫСТЫҢ БҰЛЖЫМАЙТЫН ЗАҢЫ СИЯҚТЫ БОЛЫП КӨРІНЕДІ КЕЙДЕ. ИСАТАЙ БОЛЫП ШАМЫРҚАНЫП, МАХАМБЕТ БОЛЫП ӘУЕЛЕП ҰШҚАН ҚЫЗҒЫШ ҚҰСҚА МҰҢ ШАҚПАСАМ ДА ІШТЕГІ ЛЫҚСЫҒАН ОЙДЫ СЫРТҚА ШЫҒАРЫП, АРЫЛУДЫ ЖАНЫМ ҚАЛАЙТЫНЫ БАР. СОНДАЙДА СЫРАЛҒЫ СЕРІГІМ ҚАЛАМҒА ҚОЛ СОЗАМЫН.


Тəуелсіздіктің 30 жылдығын артқа тастап, біраз мықты мемлекеттермен иық тірестіріп, мейманамыз тасып тұрғанда тасадан тас атып, тұнығымызды лайлаған кім? Əрине, елді дүрбелеңге салған Қаңтар оқиғасына баға беру, себебін анықтау – тарихтың еншісінде. Онымен арнайы зерттеу орталықтары да айналысып жатқан болар. Тəуелсіз Қазақстанның қарапайым азаматы ретінде мен де оқырмандармен ой бөліскенді жөн көрдім. Қазір жұрттың бəрі шаруаны бір жағына ысырып қойып, жаппай саясатпен айналысып жүргендей көрінеді маған. «Əр кəллəда – бір қиял» дегендей, əркім өзінше топшылайды. Бірақ, солардың қай-қайсысының айтқандары да негізсіз емес. Өйткені, халық қолында билігі бар бай-бағландарды көпе-көрінеу мақтаудан, əлеуметтің жай[1]күйі жөнінде өтірік ақпар беруден əбден ығыр болды. Қоғамды іштен ірітіп-шірітіп жатқан парақорлық пен жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықтан шаршады. Елде əлеуметтік теңсіздіктің белең алуы да содан болса керек.


Шын мəнінде күн сайын өтірік ұ р а н д а т ы п , « ұ л ы » м ұ р а т т а р ғ а ұмтылған, «Мəңгілік Ел» болуды с ү й і н ш і л е п , ж а л п а қ ж ұ р т қ а мағұлымдаған биліктің шын бет-бейнесі ашылып қалды. Осындай əлеуметтік теңсіздіктер, айналада болып жатқан заңсыздықтар қалың б ұ қ а р а н ы а ш ы н д ы р д ы . М ұ н ы м о й ы н д а у ы м ы з к е р е к . Қ а ң т а р қақтығысы неге өңірлерде бұқаралық сипат алды? Мұнда үлкен мəселе жатыр. Мұның себебін анықтауымыз керек. Рас, Жаңаөзендегі бейбіт шеру халықтың көңілінде жинақталған н а р а з ы л ы ғ ы н қ о з ғ а п ж і б е р д і . Ұшқыннан жалын лаулап, ол бүкіл Қазақстанды шарпыды. Ел ішіне іріткі салып арандатушылар шықты. Осындайда тентегін «тəйт» деп тыйып тастайтын біз қатарлы жасы 70-80- нен асқандар елге көрініп, баяғының дуалы ауыз текті шалдарындай бола алмадық. Қақтығыс кезінде жастар алдына шығуға түрлі себептермен тартыншақтық жасадық. Өйткені, тек бір өзі билеп-төстеген тегеурінді билік оларды осыған дейін керек қылмай тастады. Яғни, олардың ұзақ жылғы өмірлік тəжірибесін, ақыл-кеңесін жергілікті билік пайдаланбады.


Бір сөзбен айтқанда, қарттарымыз қ о ғ а м н а н о қ ш а у л а н ы п қ а л д ы . Сондықтан, ақсақалдардың ішінде де бұрқылдап жатқан билікке деген қыжыл болғанын жасыруға болмайды. Ел егесін екі ауыз сөзбен шешетін баяғы Бұқар жырау бабаларымыздың сарқыты, сөз ұстайтын азаматтар ел ішінде жоқ емес, əлі бар. Бейбіт күнде қоғамның дамуы жөніндегі олардың пікіріне құлақ асу ұмыт қалғандай.


Керісінше, ұстамды пікірі бар ақсақалдарды дəріптеп, кеңесіне құлақ асса, беделіне нұқсан келетіндей с е з і н е т і н б и л і к ш і л е р к ө б е й д і . Шетқақпай көрген үлкендердің халықтың рухын көтеруге, ұлттық намысты оятуға арналған ойларын ашық айтса, оппозиция қатарына қосу үрдіске айналды. Ақыры, олар сырттай ештеңе білмейтіндей көрініп, көптің біріне айналды. Үлкендердің өздерінде де кінəрат бар. Азаматтық позициясын айқындап, қоғамдық жұмысқа белсене араласпайды. Əліптің артын бағып, бұғып отырғанды жөн санайды. Қазір ақсақалдарды да екі топқа бөлуге болады. Бірқатары əлдеқашан жергілікті биліктің «сандуғашына» айналған. Ата сақалдары ауыздарына түссе де, əкім-қараға жағымпазданудан ұялмайды. Бос мақтанды жаны сүйетін билікқұмарлар жағымпаздардың ығына жығылып, кəдімгідей көңілдері күпсіп, шыңға жеткендей сезінеді.


Ал, шындықтың бетіне тура қ а р а п , б а р д ы б а р , ж о қ т ы ж о қ д е п а й т а т ы н д а р д ы ң т і л д е р і н е тұсау салынған. Өйткені, кезінде шаруашылық басқарған, түрлі билік сатыларымен жоғары көтерілген азаматтардың ізін жалғастырған б а л а л а р ы ə к і м д і к т е , ұ л т т ы қ компанияларда жауапты жұмыстарда отыр. «Соларға кесірім тиіп кетіп жүрмесін» дегеннің кебі. Ондай «патриоттарға» билік те теріс ыңғай білдірмейді. Басқаларының мəселенің байыбына барып, ашық талқылауға қауқары жетпейді. Құр байбалам салып, жиналғандардың берекетін алады. Менің ойымша, ардагерлер тоқсан сайын қалғып-шұлғып отырып, əкімдердің есеп беру жиналыстарына қатысып, алдын-ала қабылданған қаулыны қолдап, дауыс беру үшін керек сияқты. Тіпті, «ашынғаннан шығады ащы даусым» демекші, шал[1]шауқандар қауқылдасып əкімдік немесе мəдениет үйінің алдында тұрса, əкім-қаралар тұстарынан сəлемдеспей өте шығатынын қайтерсің. Сонда сəлемнің өзі де сатулы болғаны ма?


«Осы билік соңғы кезде тым белсенді де, беделді адамның беделімен күресіп жүр ме?» деп те ойлап қаламын кейде. Бұл күнде басшылар қарапайым халықты қалай жұмыспен қамтып, табыс тауып беремін деп бас ауыртпайды. Тек жалақыдан жалақыға дейін уақыт өткізуге дағдыланып алған. Ал, «бізде бəрі жақсы» деп баспасөзге құлаш-құлаш материал бергенде алдымызға жан салмаймыз. Осындай көзге көріне бермейтін ұсақ-түйек проблемаларды ауыл болып ақылдасып бүгін шешпесек, ертең кеш болады. Бұл – өте қауіпті құбылыс. Сонда Президентіміз алға қойып отырған Жаңа Қазақстанды қалай құрамыз?


Ойды ой қозғайды. Сəл шегініс жасасақ, қаңтар қақтығысы кезінде Маңғыстау жұртшылығы ештеңені бүлдіріп, қиратпай-ақ билікке заңды талаптарын жеткізіп, ақырына дейін барды, тұрғындардың көзін ашып, ақиқаттың алдаспанын сілтеді, жұрт ұйыды, сілтідей тынды. Міне, елдікті сақтаудың үйренетін үрдісі! Əр елдің өзіне сай менталитеті, бұрыннан қалыптасқан, жазылмаған дала заңдары болады. Сол арқылы береке-бірлігімізді реттеп отыруға болады деп ойлаймын.


МАҢҒЫСТАУ ФЕНОМЕНІ!..


362 əулиелі киелі Маңғыстауда жағдай басқаша. Олардың қолдарына тасбиық ұстап, көшелі сөз бастаған ш а л д а р ы а р ғ ы – б е р г і т а р и х т ы тулақша сілкіп, ұрпақтарының бойына имандылықтың, ізгіліктің дəнін себуден бір жалықпайды. Шежірені де тым тереңнен қопарады. Жеті атасы еме с, одан арғыларын да тарқата алады. Өңірде жасы үлкенге ізет көрсетіп сыйлау, сөзге қонақ беру мықтап орныққан. Ақыл айтар ақсақалдарын, аузы дуалы үлкендерін қадірлеп, алдын кесіп өтпей жол беріп, келіндері сəлем салу үрдісінің желісі үзілмеген ел. «Хан тақтан түсті деп, сəлем бермей шатыспа, қазы аттан түсті деп, алдын кесіп ауыспа» дегенді берік ұстанған. Келеңсіз жағдайда орныққан салтты бұзып, бұра тартқанды «мынау пəленшеден тарайтын ұрпақ əдепсіздік жасады» деп жұрт көзінше сөгіп, жер-жебіріне жетеді. Ақсақалдардың мұндай жолмен тентекті тезге салуы – ата-баба сүйегіне қара таңба салумен бірдей. Сондықтан, қанша жерден қызуқанды болса да əріге бармайды, сөзге тоқтайды. Ке з і н д е Қ а з а қ х а н д ы ғ ы н ы ң иелігі Үш жүзге шоғырланғаны мемлекеттің əкімшілік басқаруын қалыптастыру негізі еді. Бүгін де басқару ісі ауыл, аудан, облыстарға беркітілген жолмен жүзеге асып отыр. Олай болса, оның жаңаша сипат алып, ел бірлігіне септесетіндей дəрежеге көтерсек, нұр үстіне нұр.


СОҢҒЫ СӨЗ


Ноғайлының қызы Кадрия Темірболатова «Үлкен халықты кіші етер замандар, кіші халықты үлкен етер адамдар», – деген қасиетті миссияны халқымыздың терең тамырлы тарихын жете меңгерген рухы биік адамдарды нәсіліне, жасына, жынысына, қоғамдағы орнына қарамай қабылдай алатын ізгілікті, қара қылды қақ жарған әділ, ұлтын сүйген рухты жандар ғана атқара алады. Егер керісінше болса, ұлтжандылықты ұлтшылдық жеңіп, менменшіл шовинистік жолға түсіп, елдің ынтымағын жарастырмай, ыдыратуға соқтыратынын ұмытпайық. Адамды сынау үшін қолына билік беріп, күтпеген аномальды жағдайдан халқын аман алып шығатын тәжірибесі мен біліктілігіне, қиналғанда жол табатын іскерлігіне қарап бағалау керек. Қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев – сондай сынақтан сүрінбей өтіп келе жатқан сұңғыла саясаткер. Болашақта экономикалық дағдарыстардан шығудың амалын ойластырып, халқын береке-бірлікке бастайтынына өзім толық сенемін. Ендеше, бұрынғы ұрандатқан желбуаз сөзден арылып, нақты іс-қимыл кезеңіне өтетін мезгіл жетті".

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости