RSS лента

Сайлауда жүзден астам өзін-өзі ұсынған үміткер жеңіске жетті

  • 26.07.2021, 16:54,
  • 711
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Талғат Қалиев осындай статистика келтірді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Саяси партиялардың бұл процеске қатысуы әкімдерге қосымша ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік берер еді. Партияның саяси, әкімшілік, тіпті кей жерде медиа көмегін қосымша ресурс ретінде пайдалана алушы еді. Яғни, әкім өз округінде жалғыз болмай, партиялар жанындағы талдау орталықтарының интелектуалдық қуатын пайдаланып, ауылда бизнесті дамытып, түрлі мәселелерді шешудің жан-жақты жолдарын көрсете алатын. Бірақ «Ауыл» және «Nur Otan» партияларынан басқасы осы мүмкіндікті жіберіп алды деуге болады. Менің түсінуімше басқа партиялар аса бір белсенді қатысқан жоқ.

 

Соңғы ақпараттар бойынша өзін-өзі ұсынған 100-ден астам үміткер әкім болған. Жалпы кандидаттардың 3/2-сі өзін-өзі ұсынғанын білесіздер. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Бір жағынан, адамдар реформаға сенгендіктен белсенді атсалысып отыр. Бір орынға шамамен 3 үміткерден түскен. Екінші жағынан, қатысу деңгейінің жоғары болуы халықтың дауыс беру арқылы өз өмірлерін өзгертуге болатынына сенетінін көрсетті. Яғни бұл демократияның жақсы мектебі. Бұл елді мекендерде сайлау қорытындысын бұрмалаудың өзі өте қиын болар еді. Өйткені бәрі бір-бірін жақсы таниды. Тіпті кейбір шағын округтерде халық аула-аулаға кіріп, кімнің кімге дауыс бергенін Exit poll өткізбей-ақ анықтауға болады. Сәйкесінше сайлау айтарлықтай әділ, ашық өткен процесс болды.

 

Мәжіліс депутатын сайлаған кезде оның берген уәдесі заңға айналып, ол заң өмірге еніп, өзгеріс әкелгенше біраз уақыт өтеді. Сондықтан ол сайлаудың нәтижесі мен өзгерістердің байланысын қарапайым халықтың көруі өте қиын. Ал әкімді сайлаған кезде нәтижесі бірден көрінеді. Мысалы сайланған әкім екі айдың ішінде ауылға су тартқызуы мүмкін деген сияқты. Ал жарты жылдан кейін жол немесе мектеп жөнделе бастауы мүмкін. Бәлкім бұл біздің мәдени ерекшелігіміз шығар. Сайлау жанжалсыз, ауылдағы халық өзара ақылдаса отырып шешкендей әсер қалдырды. Қазақтың бойында кезінде осындай ерекшелік болған. Бәлкім сол қасиет қайта оянып жатқан шығар» дейді сарапшы.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости