RSS лента

"Төбемізден ұшқан ұшақтар не шашқанын түсінбедік..." (+фото)

  • 19.11.2021, 00:03,
  • 9 590
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Сәуле МАҒАУ

Атырау қаласының тұрғындары аспанда ақ із қалдырып ерсілі-қарсылы ұшқан ұшақтарға таңдануда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

"Бүгін, яғни, 19 қараша күні Атырау қаласының орталығында бұрын-соңды байқалмаған қызық жағдай орын алды. Төбемізден бірнеше ақ түсті ұшақ ұшып өтті. Олар ерсілі-қарсылы ұша берді. Соңдарында үлкен аппақ із қалды. Аспаннан бірнәрсе шашып жатқаны айдан анық. Бірақ, мұның нақты не екенін түсінбедік. Жергілікті экология департаменті қандайма бір түсінік беретін болар деп үміттенеміз. Әйтпесе, бұл жағдай тұрғындардың көңілдеріне күдік ұялатып отырғаны жасырын емес. Өйткені, шегіртке улап жатыр десек, қазір ондай мезгіл емес. Алғ, жаттығу жұмыстарына мүлде ұқсамайды және олай болса ертерек ескертілер еді. Басқа не болуы мүмкін? Белгісіз..." дейді облыс орталығының тұрғыны Нұрғиса Ахметұлы.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости