Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Phys журналына сілтеме жасап хабарлайды. 3,5 шақырымнан 5,5 шақырымға дейінгі тереңдіктегі флора мен фаунаны зерттеу кезінде аппаратқа 15 мың жылға дейін өмір сүре алатын тіршілік иесі түсіп қалған. Бұл жаратылыс шыныаяқ тәрізді теңіз губкасы.
Гетеборг университетінің экологы Томас Далгр осы тұста тұңғиық теңіздің астындағы өмірдің әлі де зерттелмегенін айтты.
"Мұнда өмір сүретін тіршіліктің 10 түрінің біреуін ғана ғылым зерттей алған", — деп түсіндірді ғалым.
Шыныаяқ тәрізді теңіз губкасы – бұл терең теңіз тұңғиыңында өте аз қорекпен өмір сүруге бейімделген тіршілік иесі. Олардың көпшілігі жер бетіне жақын өнімді аймақтан түсетін органикалық қоқыстармен қоректенеді.
Қашықтан басқарылатын аппаратты (ROV) қолдана отырып, зерттеу тобы терең теңіз өмірін суретке түсіріп, болашақ зерттеулер үшін түрлі үлгілерді алды. Камера объективіне енген түрлердің бірі – шыныаяқ тәрізді теңіз губкасы. Ол жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінен ең ұзақ өмір сүретіні болып тіркеуде. Олар 15 мың жылға дейін өмір сүре алады.