«ҚР Үкіметі қаулы етеді:
1. Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесін беру.
2. «Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін», - делінген құжатта.
Жоба мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 шілдедегі жаңа геосаяси жағдайларда республиканың көлік-транзиттік әлеуетін дамыту мәселелері жөніндегі кеңес қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес әзірленген. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев теңіз порттарын Каспий теңізінің жетекші тораптарының біріне айналдыруды тапсырды.
Анықтама: құжат Ашық НҚА сайтында 27 сәуірге дейін орналастырылған.