RSS лента

Ұзақ өмір сүрудің құпиясы ашылды!

  • 23.10.2022, 00:25,
  • 1 108
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

102 жастағы кейуана ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Эдинбургтың 102 жастағы тұрғыны Кристин Миллер ұзақ өмір сүрудің құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Edinburgh Live порталына сілтеме жасап.


Зейнеткер саяхаттың ұзақ және бақытты өмір сүруге көмектескенін айтты. Жас кезінде Кристин Миллер әлемді көп аралап, Американы, Азияны зерттеген. Тіпті біраз уақыт Малайзияда тұрған.

 

"Сүйікті адамдарыңызбен әлемді саяхаттаңыз, мүмкіндігінше көп нәрсені көріңіз. Малайзия мен АҚШ-та болған уақытымда мен көптеген шытырман оқиғаларды бастан өткердім. Жаңа мәдениеттерді зерттеп көру адамды жас қалпында қалдырады. Менде бақытты естеліктер көп", – дейді  Кристин Миллер.

 

 

Миллер өзінің 100 жас мерейтойында Ұлыбританияның марқұм патшайымы II Елизаветадан алған хатын ерекше мақтан тұтады.

 

“Ол өмір бойы елімізге аянбай қызмет етті. Мен оны қатты сыйлаймын. Бұл хатты қатты бағалаймын", – дейді Миллер.

 

Қазір зейнеткер қарттар үйінде тұрады. Оның ұлы анасымен маңызды күнін бірге өткізу үшін Америкадан арнайы ұшып келген.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости