- Бұрын егде жастағы адамдарда жамбас мойны сынғаннан кейін өмір сүру мүмкіндігі болмады, ал протез олардың өмірін ұзартады. Ізгілік Дабаев болса, жалпы тағы жиырма бес жыл қозғалуды жоспарлап отыр, ол өте жақсы формада, қазір ауруханада жоспарлы оңалтудан өтіп жатыр, – деді травматолог.


Ізгілікт Дадаев аты аңыщзға айналған адам. Мәскеуден Берлинге дейін соғысты жүріп өтті, үш рет жараланды, контузияланды, Бауыржан Момышұлын, Климент Ворошиловты, Георгий Маленковты көрген солдат, Леонид Брежневпен, Дінмұхамед Қонаевпен жұмыс істеген қоян-қолтық, тіпті Джавахарлал Неруды да көрген екен.


Оның мемлекет басшыларының 30 құттықтау хаты бар. Қасым-Жомарт Тоқаевтың атаулы сағатын тіпті ауруханада да қолдан тастамайды екен. Ол – КСРО Журналистер одағының мүшесі, өмір бойы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінде награда бөлімінің меңгерушісі болып істеген, елдегі барлық атақтар сол арқылы өткен дейді.


Жүз жыл қалай өмір сүру керек деген сұраққа ол қысқа жауап қайырды:


- Бұл бәрінен бұрын – генетика. алдымен рух биік болу керек, дұрыс тамақтанған абзал, алкогольді асыра пайдаланбаңыз және темекі шегуге болмайды!