Бір күн өткен соң, яғни сәрсенбі күні ұлттық мереке – Патшаның ант қабылдауы аталып өтпек. Дегенмен осыған дейін кең көлемде аталып келген мейрам қысқартылған форматта ұйымдастырылады деген жоспар бар. Бұған бірінші себеп ретінде коронавирус аталса, екіншіден, шеруге қатысатын әскерилер нөсерден кейінгі құтқару жұмыстарынан босамай жатыр.
Жалпы, мұндай табиғи апат Бельгияда соңғы 100 жылда болмаған. Мыңдаған адам әлі күнге туған шаңырақтарына қайта алмай отыр. Кейбір жолдарды су шайып кетуіне байланысты тұрғылықты жеріне жете алмай жатқандар да бар.
«Біздің баламыз екінші қабатта бес бүлдіршін және екі ересек адаммен бірге екі тәулігін өткізді. Бақытымызға орай, қазір жанымызға оралды.»
Ал Нидерландының оңтүстігіндегі бөгеттер быт-шыт болып, онмыңдаған адамды көшіру туралы бұйрық берілген. Құқыққорғаушылар мен әскерилер қауіпті деп саналған аудандарды бақылауда ұстап отыр.
«Мен анама көмектесу үшін келгенмін, бірақ ары қарай өту мүмкін болмай отыр. Хабарласып, жағдайының қалай екенін сұрастырдым. Оған жәрдем ету жолдарының жабық болғаны жанымды қинайды.»
Қазіргі уақытта құтқарушылар мен еріктілер жаңа бөгет жасау қамына кіріскен. Сол арқылы судың тағы да көтеріліп кету қаупінің алдын алмақ.