RSS лента

Наурызда неше күн демаламыз?

  • 14.02.2021, 20:30,
  • 1 261
  • 0
  • Автор:

Наурыз мейрамын тойлауға қатысты іс-шаралар 14-23 наурыз аралығында (он күн) өткізіледі, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Мейрам кезінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында халық жаппай ұлттық киімдерімізді киіп, төл ойындарымызды ұйымдастырып, көпшілік орындарда (сауда орталықтары, вокзал, әуежай, қонақүй т.б.) ұлттық музыка ойнатылуын қамтамасыз ету, салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып, жас ұрпаққа Ұлыстың ұлы күнінің маңызы жөнінде өсиет, өнеге айтуы маңызды» деп жазылған Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасында

 

Сонымен, Наурыз 10 күн аталып өтеді. Қазақстандықтар бұл мейрамда бес күн – 20,21,22,23,24 наурызда демалады. Наурыз мейрамының алғашқы күні жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні сәрсенбі 24 наурызға ауыстырылды.

 

АНЫҚТАМА үшін:

14 наурыз – «Көрісу күні»

15 наурыз – «Жайлау күні»

16 наурыз – «Шежіре күні»

17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні»

18 наурыз – «Игі істер күні»

19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні»

20 наурыз – «Зияткерлік күні»

21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні»

22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні»

23 наурыз – «Жоралғы күні».

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости