RSS лента

Үй тегін беріліп жатыр: мүмкіндікті кез келген қазақстандық пайдалана алады

  • 15.03.2021, 15:48,
  • 864
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Сәуле МАҒАУ

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Қоянды ауылына қоныс аударушыларға тегін үй беріп, жеңілдетілген несие арқылы, кәсіппен айналысуға мүмкіндік жасауда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы шалғайдағы Қоянды ауылы халық өсімі бойынша рекорд орнатты. Ең қызығы, осыдан екі жыл бұрын оқушылар аз болғандықтан ауылдағы мектепті жаппақ болды. Ал қазір онда 9 сынып бар.

 

Мұнда еліміздің оңтүстік өңірлерінен қоныс аударушылар үшін өмір сүруге және жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған.

 

“Жергілікті тұрғындар өте қонақжай. Үй бірден біздің атымызға берілді. Бұл жақсы көмек. Әрі қарай біз өзіміз тырысамыз, үй шаруашылығымен айналысамыз”, – деді Қоянды ауылының тұрғыны Айсара Қожахметова.

 

Бейбіт Жұманов ауылға екі жыл бұрын көшіп келген. Мемлекеттік бағдарлама бойынша мал сатып алуға жеңілдетілген несие алды. Қазір оның 10 жылқысы, 20 сиыры және бірнеше ондаған қойы бар.

 

“Мұнда жайылым мал шаруашылығымен айналысу үшін өте жақсы. Керемет шөп, тоғандар бар – барлық жағдай”, – деді Қоянды ауылының тұрғыны Бейбіт Жұманов.

 

Қояндыдағы халық өткен ғасырдың 90-шы жылдарының соңында азая бастады. Бірақ мұнда бос үйлерді бұзбаған. Жергілікті кәсіпкер оларды сатып алып, “сақтады”. Енді үйлер барлығына тегін таратылып жатыр.

 

Қазір ауылда 100-ге жуық отбасы тұрады.

 

“Біз әрқайсысы 150 шаршы метр болатын үйлерді қайта жөндедік. Бір жағынан Тараздан 5 баласы бар отбасы, екінші жағынан Қызылордадан 5 баласы бар отбасы. Әлі де бос үйлер бар. Біз келіп, жұмыс істегісі келетіндердің барлығын құшақ жая қарсы аламыз”, – деді кәсіпкер Нұрлан Қалтаев.

 

Екі жыл ішінде ауылда отбасылық үлгідегі бес балалар үйі ашылды. Бұл жергілікті мектептегі балалар санын 44-тен 100-ге дейін арттыруға мүмкіндік берді. Енді оқу орны жабылмайды.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости