RSS лента

Қазнетте қояндарға қатысты ақпарат тарады...

  • 04.04.2023, 04:13,
  • 697
  • 0
  • Автор:
Автор фото: litbro.ru

Танымал Telegram чаттарында Р.С.Аманжолова тәжірибе ретінде «ресейлік егу күнтізбесіне» сәйкес қояндарға екпе салғаны туралы мәтін таралды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Егпе алған бесінші буында қояндар жыныстық жетілгенге дейін өліп қалған. Ал оған дейінгі буында аналықтардың көбі бедеулікке ұшыраған немесе көжектер ауру болған. Бұған қаншалықты сенуге болады? Анықтайық...

 

Раиса Садыққызы Аманжолова (кейбір дереккөздерде Аманджолова) – ғылым кандидаты. 1951-1958 жылдар аралығында С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі болған профессор Яков Савельевич Кленицкийде оқыған. Сондай-ақ, «Жүктіліктің асқынуы мен планета халқының аурушаңдығының өсу себептері. Алдын алу және терапия принциптері мен шаралары» монографиясының авторы. Ол туралы Желідегі барлық басқа ақпарат дәлелденбеген және өмірбаянның көптеген негізгі фактілері жоқ.

 


Қояндардың бес буынымен жүргізілген белгілі тәжірибе 1992 жылы жарық көрген «Жүктіліктің асқынуының және планета халқының аурушаңдығының өсу себептері. Алдын алу және терапия принциптері мен шаралары» монографиясында сипатталған. Factcheck.kz порталының өтініші бойынша Страсбург университетінің молекулалық биология және вирусология саласындағы PhD докторы Әсел Мұсабекова бұл жұмыспен танысып шықты.


Оның айтуынша, Аманжолованың тәжірибесінің сипаттамасында ең бастысы жоқ нәрсе –бұл дизайн және қанша қоянның қатысқаны, нақты қандай вакциналар, қандай мөлшерде және қашан егілгені, сондай-ақ оларда пайда болған асқынулар қалай анықталғаны туралы негізгі деректер. Яғни вакцинацияның ауыр салдары мен өлі қояндардың фотосуреттері бойынша таралған мәтінді толыққанды ғылыми зерттеу деп санауға болмайды.


Қояндарда вакциналарды салғаннан кейін белгілі бір жанама әсерлер дамыса да, бұл препараттар адамдарда да осындай құбылыстарды тудыратынын білдірмейтінін түсіну маңызды. Өйткені, жануарлар мен адамдардың ағзалары әртүрлі қызмет етеді, тиісінше, белгілі бір препараттар әр түрлі әсер етеді. Мысалы, егер итке немесе мысыққа адамдарға қауіпсіз болып табылатын пенициллин антибиотигінің салсаңыз, жануарда интоксикация болып, ол өлім кетуі мүмкін.

 

Сондай-ақ үй қояндары арнайы ветеринарлық препараттардың көмегімен вирустық гемморагиялық ауруға және миксоматозға қарсы сәтті егіледі. Бұл ретте әлемде үй қояндарының азаюы байқалмайды.

 

Егілген қояндардың бесінші ұрпағы өлсе, егілген адамдардың да ұрпағы да бесінші буында тоқтайды деген теория негізсіз және ғылымға қарсы.

 

Егер КСРО-дағы вакцинациялау жайлы айтар болсақ, ол Раиса Аманжолова жазғандай 1919 жылы емес, одан әлдеқайда ертерек басталған. 1768 жылы қазанда императрица Екатерина II шешекке қарсы егілген. Кейінірек оның балалары мен немерелері екпе алды. Содан соң 1886 жылы Ресей империясында адамдарға құтыруға қарсы вакцина салатын алғашқы Пастер станциялары пайда болды. Кеңес Одағында вакцинация шешек пен құтыруға ғана емес, сонымен қатар полиомиелит, туберкулез, дифтерия сияқты басқа ауруларға, кейінірек сіреспе, қызылша, көкжөтел және паротитке қарсы жүргізілді.

 

Бүгінгі таңда болашақ КСРО аумағында алғашқы Пастер станциялары ашылғаннан бері 137 жыл өтті. Ұрпақтар шамамен 20 жыл сайын бір-бірін алмастыратынын ескерсек, осы уақыт ішінде шамамен алты буын ауысты. 

 

Яғни, адамзаттың жойылуы немесе азаюы туралы мәселе тұрмағаны анық. Сонымен қатар осы уақыт ішінде Жер халқының саны 1,2 миллиард-тан 8 миллиард адамға дейін өсті.


Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, біріншіден, Раиса Аманжолованың тәжірибесі туралы түпнұсқа мақалада негізгі мәліметтер жоқ, сондықтан бұл жұмысты белгілі бір жағдайды дәлелдей алатын толыққанды ғылыми жұмыс деп санауға болмайды. Екіншіден, жануарлар адамдар үшін қауіпсіз дәрі-дәрмектің адамға арналған дозасын алса, ауырып, өліп кетуі мүмкін. Демек, жануарларды тексеру арқылы алынған деректерді адам популяциясына қатысты қолдану дұрыс емес. Үшіншіден, КСРО аумағында жаппай вакцинация басталғаннан бері 137 жыл өтті, содан бері алты ұрпақ өсті. Осы уақыт ішінде Жер халқының саны азайған жоқ, бірақ шамамен 8 есеге өсті.


Яғни, таралған хабарлама ғылыми дәлелдері жоқ ескі фейк болып табылады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости