RSS лента

"Wi-Fi" денсаулыққа зиян ба?

  • 03.11.2022, 00:56,
  • 781
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Telegram чаттарына қатысушылар Wi-Fi сигналдары денсаулыққа өте қауіпті деп жазуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Олар репродуктивті жүйеге, гормоналды фонға, жүрек, ми жұмысына теріс әсер етеді екен, тіпті ДНҚ-ны зақымдайды. Бұл мәлімдемелер қандай зерттеулермен расталады және оларға қаншалықты сенуге болатынын түсіндіріп өтейік.



Хабарламада келтірілген Wi-Fi желілерінің барлық зиянды әсері 2017 жылғы «Wi-Fi – адам денсаулығы үшін аса қауіпті» деп аталатын мақаладан алынған. Онда автор Мартин Л. Пэлл өз тәжірибелері туралы айтады, оның барысында технологияның денсаулыққа орны толмас зиян келтірілетіні анықталған. Басқа ғалымдар Мартин Л. Пэллді бірден сынға алды. Ол өз тәжірибелерін зертханалық жағдайда жануарларға жүргізген. Демек, алынған нәтижелер адамдарға да қатысты деп айтуға болмайды, өйткені Мартин Л. Пэлл гипотезаларын ешқашан сынамаған. Сондай-ақ кейіннен Пэлл осыған ұқсас мақала жазып, онда 5G желілері туралы айтады. Бұл жолы ол негізгі фактілер дұрыс келтірілмегені үшін сынға ұшырайды. Бұл туралы ресми stopfake.kz мәлімдеді.


Wi-Fi технологиясы 1997 жылы жасалды. Содан бері оның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ғалымдар бірнеше рет зерттеп, бағалады. Объективті зерттеулердің ешқайсысы Мартин Л. Пэллдің тұжырымдарын растамайды. Керісінше, жануарлар ғана емес, ерікті адамдар да қатысқан басқа зерттеулер Wi-Fi технологиясының адам денсаулығына зиян тигізбейтінін көрсетті. 25 жыл ішінде ол аурудың дамуына немесе әл-ауқаттың нашарлауына себеп болған емес.

 

Бұдан бөлек, ғалымдар Wi-Fi-дың миға әсерін және оның қатерлі ісіктердің дамуын қоздыру ықтималдығын зерттеді. Екі жағдайда да зерттеу нәтижелері Wi-Fi-дің қауіпті емес екенін көрсетті.

 

Осы жылдың шілде айында Wi-Fi-дың адам ағзасына әсері туралы қолда бар зерттеулерге шолу жасалды. Онда бірқатар зерттеулер радиожиілік өрістерінің адам тіндерімен өзара әрекеттесуінің жылу әсерін растайды, бірақ өзге әсерлер, соның ішінде ДНҚ зақымдануы, гормоналды фонның өзгеруі және басқалары – дәлелсіз және жалпы алғанда өте күмәнді.

 

Қорыта айтқанда, тараған ақпарат – фейк. Ол жануарларға ға жүргізілген және кейіннен ғалымдардың сынына ұшыраған бір зерттеу туралы мақалаға негізделген. Сонымен қатар Wi-Fi-дың адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтінін растайтын басқа да зерттеулер көп. Сондай-ақ бұл технология қолданылып келе жатқан 25 жылдың ішінде сымсыз байланыс стандартынан болған бірде-бір ауыру жағдайы тіркелген жоқ.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости