RSS лента

Азық-түлік бағасына қатысты күдікті ақпарат тарады

  • 19.01.2022, 02:53,
  • 678
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Қазақстандықтар мессенджерлерде «2022 жылдың 1-2-3 тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері» деп аталатын құжаттың суретін жіберуде, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Суретке аудиожазба тіркелген, онда белгісіз біреу егер қандай да бір дүкендерде бағалар құжатта көрсетілгеннен жоғары болса, әкімдікке хабарласуға шақырады.

Сауда және интеграция министрлігі шекті бағалар тізбесі туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл жөнінде ресми stopfake.kz жария етті.

– Сауда және интеграция министрлігі таратылған ақпараттың фейк екенін хабарлайды! Шекті бағаларды әрбір өңір үшін жергілікті атқарушы органдар жеке белгілейді және олар елдің басқа өңірлерінде қолданылмайды. Ақпараттық хабарламада көрсетілген бағаларды Алматы облысының әкімдігі өңір бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінің деңгейін жария талқылау үшін ашық көздерде орналастырды. Шекті мәндер бағалардың ауытқуын мониторингтеу және бақылау үшін бекітілгенін және ӘМАТ-қа нарықтық бағалардың жай-күйін бағалаудың бағдары ретінде қызмет ететінін атап өткеніміз жөн. Шекті мәннен асқан жағдайда шекті бөлшек сауда бағалары енгізіледі, оларды сақтамау әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады, – деп хабарлады ведомстводан.


Сондай-ақ, ведомство өкілдері қазақстандықтарды тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости