Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты.
«Көп жағдайда тауар бағасын бөлшек сауда субъектілері көтереді. Атап айтқанда, үйдің жанындағы дүкендер. Олар көбінде 15 пайыздық сауда үстемесін сақтамайды» деді ол.
Айтуынша, осы жылдың 5 қаңтарынан бастап, БҚДА күн сайын өңірлерде барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлiк өнiмдерi бойынша бағаларға мониторинг жүргізеді. Бағаны ұстап тұру және сауда үстемесін 10%- ға дейін белгілеуге қатысты өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенстің 189 актісі жасалды. Бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер және үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша 8 тергеу жүргізілуде.
Тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағасын көтеру фактілерін жедел анықтау және жолын кесу мақсатында хабарламалар қабылдау үшін жедел желі құрылды. Бүгінгі күні Агенттіктің сенім телефонына 2000-нан астам өтініш келіп түсті. Монополияға қарсы орган келіп түскен шағымдар бойынша өз құзыреті шеңберінде шаралар қабылдайды, қалғандары уәкілетті органдарға жiберіледі.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы» тапсырмасына сәйкес Агенттік өңірлердің алыстығын ескере отырып, 180 күнге сұйытылған мұнай газының (автогаз) шекті бағасын белгіледі: батыс – 50 тг., оңтүстік – 60 тг., солтүстік – шығыс – 60-70тг. Агенттік күн сайын сұйытылған мұнай газының сатылым бағаларына мониторинг жүргізеді, уақытша белгiленген шекті бағалардан асырып сату фактілері анықталған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 162-бабына сәйкес бағаны төмендету қажеттілігі туралы нұсқама, орындалмаған жағдайда әкімшілік жазаға тартылады.
Елеулі баға ауытқулары және экономикадағы қолайсыз үрдістер кезiнде Агенттік уақытша шара ретінде жекелеген тауар нарықтарында мемлекеттік бағалық реттеуді белгілеуге дайын екендігін білдіреді.
Энергетика министрлігімен бірлесе отырып, газ өндірушілермен газды бөлшек саудада сатушыларға ескі және жаңа көтерме баға арасындағы айырмашылықты өтеу туралы келісімге қол жеткізілді.
Бас прокуратурамен бірлесіп СМГ-ның 6 көтерме сатушысына («ҚазМұнайГаз» АҚ, «Petrosun» ЖШС, «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «ҚазГерМұнай БК» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «ҚазГӨЗ» ЖШС-монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша) және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу нарығының 180 субъектісіне қатысты тергеу тағайындалды.
Тергеудің алдын-ала нәтижелері бағаның өсуінің негізгі себебі электрондық сауда алаңындағы баға механизмінің жетілдiрiлмегенi екенін көрсетті.
Өткен жылы «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңнамаға өзгерістер енгізілді, Мемлекет басшысы 2021 жылы 30 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметі, биржалық сауданы дамыту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды және осы жылы сұйытылған мұнай газын сату тауар биржаларына өтедi және үнемi бақылауда болады.
Хабарламаны орындамау фактісі бойынша «ЕТС тауар биржасы» АҚ сауда алаңын ұйымдастырушысына қатысты тергеу жүргізілуде. Бас прокуратура Агенттік қызметкерлерін тарта отырып, нарықтың 102 субъектісіне қатысты, оның ішінде сауда-саттықты ұйымдастырушыларға қатысты тексерулердi бастады.
Инфляцияға қарсы жұмысты одан әрі жүзеге асыру мақсатында Агенттік монополияға қарсы шараларды, атап айтқанда талдаулар жүргізуді, монополияға қарсы комплаенс қорытындысын, хабарламалар, нұсқамалар шығаруды, тергеулер тағайындауды жалғастыратын болады.
2022 жылға агенттік 26 тауар нарығында, оның ішінде негізгі тұтыну нарықтарында талдау жүргізуді белгіледі:
– көмірді, электр энергиясын, мұнай өнімдерін, тауарлық газды көтерме және бөлшек саудада өткізу, коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптарын орнату, коронавирустық инфекцияны ПТР диагностикалау қызметтерін, дәрілік заттарды, жолаушыларды әуе көлігімен ішкі тұрақты тасымалдауды, байланыс қызметін және басқаларды өткізу.
– қызметінің ауыстырылатын тауар нарықтарына әсерін, экономикалық тиімділігін бағалау мақсатында монополиялық топтар;
– жеке және мемлекеттік операторларды қысқарту тұрғысынан.
Кешенді жұмыс қорытындысы бойынша қабылданған шаралар осы нарықтардағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.