«Бағаға мониторинг жасау, талдау және осы нарықтағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау бойынша жұмыс басталды. Нарық субъектілерінен көрсетілген қызмет көлемі мен қолданатын тарифтер, жолаушыларды тасымалдау қызметі бойынша мобильді қосымшаны пайдалану кезінде алынатын комиссия мөлшері туралы ақпарат сұралды» деп хабарлады ведомстводан.
Агенттік нарықта бәсекелестікті қорғау бойынша заңнама сақталмағаны анықталған жағдайда монополияға қарсы іс-шаралар қабылданатынын мәлімдеді.