Бұл туралы кеше ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде мәлімдеді. Агенттік сайтында жарияланған хабарламада бұған дейін BI Group компаниясы Алматы қаласында бастапқы тұрғын үй бағасын 4% — ға дейін төмендетуге дайын екендігі айтылған. Алайда, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаны төмендетудің мәлімделген деңгейінің негізділігіне талдау жүргізе отырып, мұндай мәлімдемемен келіспепті.
«Нәтижесінде, 2021 жылғы 17 тамыздан бастап монополияға қарсы органның хабарламасын орындау шеңберінде BI Group Нұр-Сұлтан қаласының 51 тұрғын үй кешеніндегі бастапқы бағаны орта есеппен 8% — ға, Алматыда – 24 ТК 11% — ға, Атырауда — екі ТК 4%-ға, Шымкентте — 1 тұрғын үй кешенін 3% — ға дейін төмендетеді» делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бастапқы тұрғын үй нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу кезінде бірқатар компанияның тұрғын үй бағаларын белгілеу және қолдау бөлігінде келісілген іс-қимылдар белгілері анықталды. Олардың қатарында «BAZIS – A», «BI Group» холдингтері, «РАМС-Қазақстан» компаниясы бар. Қазіргі уақытта «BAZIS – A» және РАМС-Қазақстан Алматыдағы бірқатар тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бағасын төмендеткен.