«Бізде, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша фермерлер жоқтың қасы. Сондықтан баға мәселесі басқа өңірлердегі фермерлердің экономикалық жағдайына келіп тірелуі мүмкін. Бізге өнімнің барлығы азық-түлік белдеуінде жатқан Ақмола, Павлодар, Қарғанды, Түркістан облыстарынан келеді. Яғни транспортпен тасымалдау құны әсер етпесе одан басқа әсерін көріп отырған жоқпыз.
Біз азық-түлік бағасына қатысты ғана шара қолдана аламыз. Жанар-жағармайдың бағасы министрлік тарапынан қадағаланады» дейді қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев.