Сүт өнімдеріне жеуге болмайтын заттар қосатыны туралы ақпарат ресейлік БАҚ-та 2016 жылы шықты. Ол Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау мекемесінің зерттеуіне негізделген деп хабарланды. Алайда, ведомство мұндай зерттеулер жүргізілмегенін жеткізді.
Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау мекемесі (Россельхознадзор) Сүт одағы компаниясына ведомство сайтындағы сүт өнімдерін гипс, крахмал және басқа заттардан қолдан жасау туралы айтылған ақпаратта «сипатталған қолдан сүт жасауға қатысты Ресей мемлекеттік ветеринарлық қызмет мекемелері мен қызметкерлеріне бағдар беру үшін жасалған және жарияланған қол жетімді әдебиеттерде жазылған» материалдарға негізделгені туралы айтылды.
Сондай-ақ ведомство өкілдері атап өткендей, сайтта «мақала материалдары ведомствоға бағынысты мекемелер жүргізген зертханалық зерттеулер нәтижелері негізінде жазылғаны көрсетілмеген. Ұлттық сүт өндірушілер одағы (Союзмолоко) мақала материалының неге нақ осы зертханалық зерттеулердің нәтижелері негізінде жасалды деген қорытындыға келгені Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау мекемесі үшін түсініксіз».
Азық-түлік технологы Сергей Белков Metro басылымының тілшісіне берген сұхбатында сүтке бор, гипс, крахмал және басқа да жеуге болмайтын заттарды қосудың мағынасыз екенін айтты, өйткені біріншіден, бұл көзге де бірден көрінеді, дәмінен де байқалады, екіншіден, өнімнің сақтау мерзімін ұлғайту, дәмін жақсарту және т.б. қажетті қасиеттерін жақсартпайды.
Қазақстанға келетін болсақ, елімізде сүт өнімдерінің сапасы ұдайы бақыланады. Қазақстанда өндірілетін барлық сүт өнімдеріне міндетті түрде құжаттық және физикалық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау, кейбір жағдайларда қосымша зертханалық зерттеулер жүргізіледі.
Осылайша, сүттегі гипс пен әк туралы хабарламалар ашық дереккөздерден алынған ақпаратты дұрыс түсіндірмеуге негізделген фейк болып табылады.