RSS лента

Путин Донбаста әскери операция бастауға бұйрық берді

  • 24.02.2022, 01:43,
  • 665
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ресейліктерге жасаған үндеуінде Донбасс жерінде әскери операция өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлім етті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлады.


«Қазіргі жағдай бізден жылдам шешім қабылдауды талап етеді. Донбасс Халық республикасы Ресейге көмек сұрап жүгінді. Осыған байланысты, БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес, Федерация Кеңесінің санкциясымен және Федералды жиналыс бекіткен ДХР-мен, ЛХР-мен достық және өзара көмек туралы келісімдерді орындау үшін арнайы әскери операция жасау туралы шешім қабылдадым», — деді Путин ресейліктерге жасаған үндеуінде.


РИА Новости агенттігінің хабарлауынша Ресей Украинаны жаулап алуды жоспарлап отырған жоқ.


«Біз КСРО ыдырағаннан кейінгі қалыптасқан мемлекеттерге құрметпен қараймыз. Оған біздің Қазақстанға жасаған көмегіміз дәлел.

Ресей Украина аумағынан төнетін қауіпке үрейленіп, қол қусырып, қарап отыра алмайды. Қазір қабылдап отырған шешімнен басқа мүмкіндігіміз қалған жоқ. Кез келген жағдайға дайынбыз. Тиісті шешімдер қабылданды.

Біз Украинаны жаулап алуды мақсат етпейміз», — деді Ресей президенті.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости