RSS лента

Путин: «Кез келгеннің тісін қағып аламыз»

  • 21.05.2021, 11:23,
  • 594
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Ресей өзінің шекарасына көз алартқандардың жағын айырып, тісін қағып алуға дайын. Бұл сөзді патриоттық тәрбие беруге арналған «Победа» ұйымдастыру комитетінің отырысында Владимир Путиннің өзі айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Көрші президенттің айтуынша, бәзбіреулер үшін Ресей тым кең, тым үлкен көрінеді.

 

«Бәрі бізді тістеуге құмар немесе біздің бір жерімізді жұлып алуға дайын. Бірақ олардың сондай әрекетке бармасы үшін қай-қайсысының да тісін қағып тастаймыз. Оған әскери әлеуетімізді дамыту ғана кепіл бола алады» деді Ресей президенті Владимир Путин.

 

Путин әңгіменің қайдан шығып, қалай басталғанын да білетінін айтты. «Мұндай алып аймақтың байлығы Ресейге ғана тиесілі болғаны әділдікке жатпайды» деген Сібірге қатысты сөздің соңында суық көңілді мемлекеттердің тұрғанын ыммен жеткізді.

 

Жалпы, осы екі ауыз сөздің иесі ретінде 90-жылдардың аяғында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы болған Мадлен Олбрайт айтылып жүр. Бірақ оның өзі мұндайды айтпақ түгілі ойлап көрмегенін сан мәрте қайталаған еді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости