Бұл пікір қалай туды және оған неліктен сенуге болмайтынын "Стоп фейк" түсіндіріп берді. Осы «болжамның» авторы – доктор Леонард Колдуэлл. Ол вакцинацияға қарсы танымал тұлға және қастандық идеяларын насихаттаушы. Мәселен, ол бұған дейін COVID-19 пандемиясы қолдан жасалды және оның мақсаты адамдарды чиптеу деп мәлімдеген.
Айта кетерлік жайт, доктор Колдуэллдің вакцинацияланған адамдар арасындағы жаппай өлім туралы «сәуегейлікте» оқиғаның болатын жылы көрсетілмеген. Алайда, біз Желіден бұл мәлімдемеге сілтемені таптық. Бұл туралы Колдуэлл жазда айтып, 2021 жылғы қыркүйек айын меңзеген екен.
Қазіргі кезде қыркүйек айында да, қазан айында да, тіпті қараша айында да вакцинацияланған адамдар арасында жаппай өлім тіркелмегені анық. Демек, Колдуэллдің «болжамына» мән берудің қажеті жоқ.
Коспирологияны жақтаушылар вакцина алғандардың бәрі өледі деп бұған дейін де мәлімдеген болатын. Бастапқыда әлеуметтік желілерде егілген екпе алғаннан кейін алты айдан кейін өледі деп жазылды, ал қазір ондай ештеңе болмағаны анық.
Мұндай мәлімдемелерге әрдайым негізсіз қорқыныш пен қастандық теориялары негіз болады. COVID-19 қарсы вакциналар қауіпсіз және тиімді. Бұл клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің нәтижелерімен расталады, олардың есептері құпия емес және баршаға қол жетімді.