RSS лента

Екпеден кейін бала мутант болып туа ма?

  • 09.05.2021, 03:16,
  • 772
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: stopfake.kz

Қазақстандықтар Telegram-чаттарда COVID-19 қарсы вакциналар жүкті әйелдер үшін аса қауіпті деп жазуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Дәрі-дәрмек балаларды мутантқа айналдырады екен, сондықтан бала көтеру және емізу кезеңдері вакцинацияға қарсы көрсетілім болып табылады. Бірақ, бұл ақпаратты «Стопфей» жоққа шығарды.

 

Қазіргі кезде Қазақстанда COVID-19 қарсы екі вакцина қолданылуда: ресейлік «Спутник-V» және қазақстандық QazVac. Олардың ешқайсысы жүкті әйелдерде сыналмаған. Сондықтан екпе әзірлеушілерде оның бала көтерген әйелдерге қалай әсер ететіні туралы мәліметтер жеткіліксіз. Дегенмен, «Спутник-V» буаз жануарларда сыналды. Вакцина ұрғашы жануарға да, төлге де теріс әсер етпеген.

 

Осы мәліметтерге сүйене отырып, мамандар бала тууды жоспарлағандарға вакцинациядан кейін екі-үш апта күтуге кеңес береді. «Сптуник-V» препаратын жасап шығарған Гамалей атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург вакцинаның репродуктивті денсаулыққа еш әсер етпейтінін атап өтті.

 

АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ресми сайтында бала тууды жоспарлаған адамдар вакцина ала алады деп жазылған.

 

– Қазіргі кезде вакциналардың, соның ішінде COVID-19 қарсы препараттың фертильділікпен немесе жүктілікпен проблемалар тудыруы мүмкін екендігіне ешқандай дәлел жоқ.

 

Біз бұған дейін COVID-19 қарсы вакциналар адамдардың ДНҚ-ын өзгертіп, мутант пен жартылай роботтарға айналдыруы мүмкін деген мифті жоққа шығарған болатынбыз.

 

Вакциналардың бала туу қабілетіне әсер ете алатыны туралы жалған ақпараттар бұған дейін де тараған еді. Қастандық теориясын жақтаушылар вакциналар түсік түсіруге әкеледі және бала көтеруге мүмкіндік бермейтін у деп жазған.


 

Оставить комментарий
Последние новости
Все новости