Қазіргі жаһандану дәуірінде елдің тұрақты дамуы ең алдымен сапалы білім мен бәсекеге қабілетті мамандарға байланысты екені анық. Әсіресе экономика мен бизнес саласы мемлекеттің өсімі мен қоғамның әл-ауқатын айқындайтын негізгі бағыттардың бірі. Осы тұрғыдан алғанда, жоғары білім беру жүйесінде заманауи талаптарға сай, практикалық дағдыларды меңгерген, ойлау көкжиегі кең мамандар даярлау маңызды міндетке айналып отыр.
Бүгінде білім беру кеңістігінде ерекше орны бар жетекші оқу орындарының бірі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және жоғары бизнес мектебі осы талаптарға жауап беретін жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Оқу ордамыздың қабырғасында тек теориялық білім берумен шектелмей, студенттердің нақты өмірлік жағдайларда шешім қабылдай алу қабілетін дамытуға басымдық беріледі. Әсіресе экономика және бизнес бағытындағы жоғары мектептің рөлі айрықша.Экономика жоғары бизнес мектебі,Менеджмент кафедрасы Мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, инновациялық менеджмент, жобаларды басқару білім беру мамандықтары бойынша мамандар дайындайды.Мұнда білім алушылар тек классикалық экономикалық теорияны игеріп қана қоймай, заманауи қаржы құралдарын, кәсіпкерлік негіздерін, стратегиялық басқару тәсілдерін терең меңгереді. Оқу бағдарламалары халықаралық стандарттарға сай жасалып, әлемдік тәжірибемен ұштасып жатыр.
Білім ордамыздың басты ерекшеліктерінің бірі тәжірибеге бағытталған оқыту жүйесі. Сабақтарда нақты кейстер талданып, бизнес жобалар әзірленеді, стартап идеялар қолдау табады. Студенттер түрлі компаниялармен бірлескен жобаларға қатысып, өз білімдерін іс жүзінде сынап көреді. Мұндай тәсіл олардың кәсіби сенімділігін арттырып, жауапкершілік сезімін қалыптастырады.Сонымен қатар, білім беру процесіне тәжірибелі сарапшылар мен бизнес өкілдері белсенді тартылған. Бұл өз кезегінде оқу мазмұнының өмір талабына сай болуын қамтамасыз етеді. Дәрістер барысында нақты нарықтағы жағдайлар, қаржылық тәуекелдер, инвестициялық мүмкіндіктер кеңінен қарастырылады. Осындай ықпалдастық студенттерге тек білім ғана емес, нақты бағыт пен мақсат береді.Экономика жоғары бизнес мектебі халықаралық ынтымақтастықты да белсенді дамытып келеді. Шетелдік университеттермен бірлескен бағдарламалар, академиялық ұтқырлық, қос диплом мүмкіндіктері студенттердің көкжиегін кеңейтеді. Олар түрлі мәдени ортада білім алып, жаңа тәжірибе жинақтайды.Дәл осы бағыттағы жұмыстар болашақ мамандардың бейімделгіштігін арттырып, жаһандық ойлау қабілетін қалыптастырады.Білім алушылардың ғылыми ізденістеріне де ерекше көңіл бөлінеді. Жас зерттеушілер экономика, қаржы, бизнес талдау бағыттарында өз жобаларын ұсынып, ғылыми конференцияларға қатысады.Сонымен бірге студенттердің бастамалары мен идеялары қолдау тауып, инновациялық жобалар жүзеге асады.
Университет қабырғасында қалыптасқан білім беру ортасы тек кәсіби дағдыларды ғана емес, тұлғалық дамуды да қамтамасыз етеді. Студенттер көшбасшылық қасиеттерін жетілдіріп, командалық жұмысқа бейімделеді, әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді. Оқу ордасының түлектері бүгінде түрлі салада табысты еңбек етіп, ел экономикасының дамуына үлес қосып жүр. Олардың арасында ірі компаниялардың басшылары, қаржы сарапшылары, кәсіпкерлер бар. Заманауи тәсілдерді енгізе отырып, тәжірибеге негізделген оқыту арқылы білікті мамандар даярлау уақыт талабы. Осындай бағыттағы жүйелі жұмыс жастарға кең мүмкіндік ашып, елдің экономикалық әлеуетін арттыруға негіз болады.
Кусмолдаева Ж.Н. PhD
Баймбетова А.А. PhD
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және жоғары бизнес мектебі Менеджмент кафедрасы

