Білім ордасы тек диплом беретін оқу орны ғана емес, ұлт зияткерлігін қалыптастыратын, ғылыми ойды дамытатын және елдің тұрақты дамуына үлес қосатын стратегиялық маңызы бар академиялық орталық.ҚазҰУ-дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырған іргелі университет. Университет атауын иеленген ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің «Қайырымды қала» тұжырымдамасы білім ордасының рухани негізіне айналған. Ғұламаның ғылым мен адамгершілікті қатар ұстану қағидаты бүгінгі университет философиясымен үндесіп жатыр. Мұнда білім тек кәсіби дағды қалыптастыру құралы емес, тұлғаны жан-жақты дамытудың басты тетігі ретінде қарастырылады.ҚазҰУ-дың білім беру жүйесі халықаралық стандарттарға сай құрылған. Университет бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейінде сапалы білім ұсына отырып, заманауи еңбек нарығының талаптарына бейімделген мамандар даярлайды.Заң, журналистика, халықаралық қатынастар, экономика, жаратылыстану ғылымдары мен цифрлық технологиялар салаларында жоғары білікті кадрлар қалыптасуда.Университеттің ғылыми әлеуеті оның басты артықшылықтарының бірі. Ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіліп, инновациялық жобалар жүзеге асырылуда. Жас ғалымдарды қолдау, стартап мәдениетін дамыту, халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.ҚазҰУ халықаралық рейтингтерде тұрақты түрде жоғары орындардан көрініп келеді. Бұл-білім сапасының, академиялық еркіндіктің және ғылыми жарияланымдардың жоғары деңгейінің нәтижесі. Университет шетелдік серіктес оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып, академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы студенттер мен оқытушыларға халықаралық тәжірибе алмасу мүмкіндігін ұсынады.
Университеттің кампусы-студенттік өмірдің қайнаған ортасы. Заманауи оқу ғимараттары, ғылыми кітапхана, спорт кешендері, студенттер үйі мен жасыл желекке бөленген аумақ білім алуға қолайлы орта қалыптастырады. ҚазҰУ қалашығы-өзіндік мәдениеті мен рухы бар шағын академиялық қала іспетті. Мұнда студент тек білім алып қана қоймай, шығармашылықпен айналысады, ғылыми жобаларға қатысады, еріктілік қозғалысына қосылады.
Әлеуметтік жауапкершілік те университет қызметінің маңызды бөлігі. ҚазҰУ қоғаммен тығыз байланыс орнатып, құқықтық ағарту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастар саясатын дамыту бағытында түрлі жобаларды жүзеге асырады. Студенттер әлеуметтік бастамаларға белсенді қатысып, ел дамуына үлес қосуға ұмтылады.Сапалы білім беру-университет миссиясының өзегі. Профессор-оқытушылар құрамының жоғары кәсібилігі, заманауи оқыту әдістері мен цифрлық технологияларды қолдану оқу үдерісінің тиімділігін арттырады. Студенттер теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, болашақ маман ретінде қалыптасады.
ҚазҰУ түлектері-еліміздің түрлі саласында табысты еңбек етіп жүрген кәсіби мамандар. Мемлекеттік басқару, құқық қорғау, бизнес, ғылым, медиа және халықаралық ұйымдарда қызмет атқарып жүрген түлектер университеттің сапалы кадр даярлау миссиясының нақты нәтижесін көрсетеді.Бүгінгі таңда ҚазҰУ – тек ұлттық университет мәртебесіне ие білім ордасы емес, еліміздің интеллектуалдық брендіне айналған мекеме. Оның имиджі сапалы біліммен, ғылыми жаңашылдықпен және жоғары мәдениетпен тығыз байланысты.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұлттық рух пен жаһандық ойды тоғыстырған, білім мен ғылымды өркендетуге бағытталған жетекші орталық. Болашаққа сеніммен қадам басқан жастардың таңдауы, ел дамуына үлес қосатын зияткер ұрпақтың ұстаханасы. Оқу ордасы білім арқылы биіктерге жетелейтін берік негіз, ғылым арқылы жаңашылдыққа бастайтын даңғыл жол.
Бисенова М.Қ.
әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық
құқық, қылмыстық іс жүргізу және
криминалистика кафедрасының доценті, з.ғ.к

