Құтқарушылар үш адамды құтқарып, 36 адамды эвакуациялады. Атырау қаласы А.Құнанбаев көшесінде орналасқан бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатында балкон өрті орын алып, "тілсіз жау" көрші пәтердің балконына тарады. Құтқарушылар күшімен баспалдақ арқылы үш адам, оның ішінде бір бала құтқарылды. Осылайша, барлығы 36 адам, оның ішінде алты бала эвакуацияланды. Оқиға орнында дәрігерлер қызмет көрсетті. Қабылданған жедел шаралардың арқасында өрт дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның орын алу себебі анықталуда.