Облыстық ТЖД баспасөз қызметінен білгеніміздей, құтқарушылар шақырту орнына жеткен кезде жеке тұрғын үйге жалғанып салынған ауданы 72 шаршы метр болатын уақытша тұрғын үйдің ашық отпен жануын анықтады. Өрт сөндіру бөлімшесі барлау жұмыстары кезінде 1958 жылы туған әйел мен 1989 ж.т. ер адамның мүрделерін шығарды. Сонымен қатар қолынан күйік алған 1956 ж.т. туған ер адам мен 2019 ж.т. қыз бала түтінге улану белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Өрт сағат 5:52-де оқшауланып, сағат 6:30-да толықтай жойылды.
Өрттің шығу себептері анықталуда. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД Құрманғазы ауданы №7 ӨСБ 9 қызметкер, екі бірлік техника мен «GRWORLD» ЖШС үш адам, бір бірлік техника жұмылдырылды. ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.