Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде аталған мекен-жайдағы бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтердің толықтай жанып кеткенін анықтады. Бұл туралы Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті. Өрт кезінде үйдің жатын бөлмесінен 2014 жылы туған Н. Д. және 2017 ж.т. Ж.Д. өлі денелері табылды. Сондай-ақ, анасы 1995 ж.т. Н. С. және азаматтық некедегі жолдасы 1994 ж.т. Д.Б. ес-түссіз күйде табылып, аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне "103" қызметкерлерімен жеткізілді.
Өрт сағат 06:02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толықтай жойылды. Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында Атырау қаласынан өрт-зерттеу зертханасы жұмыс жасауда.
Пәтер өртіне қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 31 жастағы күдікті УҰИ-на қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.
"Әйел адамның жағдайы аса ауыр жағдайда, денесін 90-95 пайыз күйік шалған. Ер адамның жағдайы орташа ауырлықта. Қазіргі таңда екеуіде жансақтау бөлімінде аппартта жатыр" деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.