RSS лента

Анасы қызының жұбайын өлтіріп алды...

  • 21.12.2023, 17:17,
  • 524
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

20 желтоқсан күні сағат 18:50 шамасында 1986 жылы туған әйел адам анасының азаматтық некедегі жолдасының ішінен ас үй пышағымен жарақат салғанын хабарлаған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қайғылы жағдай Құлсары қаласында орын алған. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер отбасылық жанжалдың нәтижесінде 1966 жылы туған әйел адамның 1996 жылы туған азаматты ас үй пышағымен жарақаттағанын анықтады. Алған дене жарақаты салдарынан ер адам қаза тапқан. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

 

Айта кетейік, аталған жанұяда бұрын да отбасылық жанжал орын алып, күдікті ер адамның қаңтар және сәуір айларында екі мәрте әкімшілік қамауда болғаны анықталды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости