Облыстық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Krisha.kz парақшасында пәтерді жалға беремін деп жалған хабарлама беру арқылы тұрғындардан алдын ала төлем алып келген 1996 жылы туған күдікіті ұсталды. Күдікті дауысын өзгертіп жас қыз немесе әйел адам болып телефон арқылы оңай алдап отырған. Пәтер жалға алу хабарламасы бойынша 37 жастағы тұрғын "Whatsapp" желісінде хат алмасып, күдіктіге 50 мың теңге аударған. Нәтижесінде, сан соғып қалған. Тергеу кезінде күдіктінің осындай үш қылмыстық іске қатысы бар болып шықты.
Аталған дерек бойынша ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері 20-ға жуық тұрғын осындай жарнамаларға алданып қалған. Осы ретте, атыраулық тәтіп сақшылары әлеуметтік желі арқылы жарияланған ақпараттардың дұрыстығына мән беріп, интернет-алаяқтардың арбауынан сақ болуды ескертеді.