19 қаңтар күні түнгі 3:05 шамасында Құлсары қаласында топтық төбелес орын алғаны анықталған. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде құқықбұзушылыққа жол берген барлық тұлғалар полиция бөліміне жеткізілді. Үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 2006 жылы туған жасөспірім жансақтау бөлімінде қайтыс болды. 2000 және 2007 жылы туылған күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.