Апат салдарынан 1973 жылы туған азамат ауыр күйде облыстық ауруханаға жеткізілді. Ал, 1974 жылы туған азамат оқиға орнында қайтыс болды.
«Тексере келе, суда жүзу құралын 1992 және 1988 жылы туған азаматтар тізгіндегені белгілі болды. Олардың су көлігін басқаруға рұқсат қағаздары бар екендігі анықталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде» дейді облыстық полиция департаментінің өкілі Мейірім Ердәулет.