Бейнежазбаны зерделеу барысында 2007 жылы туған жасөспірімді бес өзімен қатар танысы қараша айында соққыға жыққаны анықталды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 2006, 2007, 2008 жылы туған жасөспірімдер басқармаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.
Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабымен қылмыстық іс тіркеліп, жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде.