Оқиға орнына жеткен кезде, 2008 жылы туған ұл балалар белгісіз жағдайда жабдықталмаған орында суға батып кеткендігі анықталды. Облыстық ТЖД сүңгуірлері сағат 18:25-те екі жасөспірімнің мүрдесін судан шығарды. Үшінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасатын болады. Барлығы ТЖД 18 құтқарушы, 4 техника, 5 жүзу құралы жұмылдырылды.
"Құрметті ата-аналар, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер!" делінген ТЖД қоғаммен байланыс тобының хабарламасында.