28 қаңтар күні сағат 13:08 шамасында Курилкино ауылы тұсында Жайық өзенінде мұз ойылып, автокөліктің суға түсіп кету оқиғасы тіркелді. Аталған жерге су құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 бірлік техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында 1992 жылы туған жүргізуші көз жұмып, 2006 жылы туған жолаушы облыстық ауруханаға жіберілді.
«Құрметті тұрғындар! Сіздерден мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, арнайы белгі қойылған, рұқсат етілмеген жерлерден өтпеу қажеттігін ескертеді» делінген хабарламада.
Фото: иллюстратив